396
Ислам ғылымхалы
2. Арнайы жерлер: Арафат және Қағба.
3. Арнайы уақыт. Зиярат тауабының уақыты –
құрбан айт таңынан бастап, өмірінің соңына дейін. Бірақ
зиярат тауабын құрбан айттың алғашқы үш күнінде
орындау уәжіп болғандықтан, кімде-кім бұл уақыттан
кешіктірсе, қажылығының дұрыс болуы үшін құрбан
шалуға міндетті. Ал Арафат тауында тұрудың уақыты
– Арафа күні түс ауғаннан кейін құрбан айт күні таң
намазының уақыты кіргенге дейінгі уақыт.
4. Ихрам. Қажылық немесе умра яки екеуін бірге
жасау ниетімен, басқа
уақытта халал болған кейбір
істерді, қажылық немесе умра уақытында кісінің өзіне
харам қылуы.
Қажылықтың парыздары
1. Ихрам
2.
Арафатта тұру
3. Тауап ету
Ихрам
(қажылықтың бірінші парызы)
Ихрам дегеніміз не?
Қажылық, умра немесе екеуін бірге жасау ниетімен,
басқа уақытта істеуіне рұқсат
кейбір іс-әрекеттерді
қажылық, умра уақытында өзіне харам қылуды – ихрам
деп айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: