452
Ислам ғылымхалы
5. Пітір садақасының мөлшерінен аз мөлшерде
садақа беруді талап ететін кемшіліктер
а) Үштен кем бит, бүрге, шегіртке сияқты жәндіктерді
өлтіру немесе басқа біреуге өлтіруі үшін
көрсету
ә) Денеден түк жұлу
б) Ихрамсыз адамның мұртын немесе тырнағын
алу
в) Нәпіл тауаптарда әурет жерлердің ашылуы
6. Құнының өтелуін талап ететін
кемшіліктер
Ихрамды күйде әдейі болсын, кездейсоқ болсын
жерде өмір сүретін аңдарды аулау, жүндерін жұлу,
жұмыртқаларын сындыру, аңшыларға ишарат жолымен
болса да, жәрдемдесудің жазасы сол зиян шеккен аңның
екі әділ, тәжірибелі кісінің бағалауы арқылы құнын ке-
дейлерге өтеу.
Достарыңызбен бөлісу: