453
Қажылық
қажылықтағы немесе умрадағы қателердің орнын тол-
тыру үшін ертерек өтеген дұрыс әрі абзал. Мойнына
қарыз болған жазаларды өтеместен бұл дүниемен қош
айтысып кетсе, күнәкар болатынын да ескерте кетейік.
Өмірінің соңына дейін өтемесе, көзі тірісінде артында
қалған туысқандарына өтеулерін өсиет етуі тиіс.
Істелген жинаяттардың жазасы ретінде шалынатын
малдар міндетті түрде Харам аумағында шалынуы тиіс.
Еттерін харам аумағының кедейлеріне таратуға бола-
тыны сияқты, басқа жерлердегі кедейлерге де жіберуге
болады.
Садақа, құнын төлеу және ораза ұстау сияқты жаза-
лар үшін белгілі бір мекен тағайындалмағандықтан, бұл
жазаларды қалаған жерде өтейді.
Һәди
(қажылықта және умрада шалынатын
құрбандар)
Аллаһ Тағаланың ризалығы үшін немесе қажылық
ғибадатындағы бір кемшілікке
байланысты немесе
ихрамның тыйымдарының біреуін бұзу салдарынан жаза
(кәффарат) ретінде Харам аумағында шалыну шартымен
алынып келген немесе ақшасы жіберілген құрбанға һәди
делінеді.
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде:
Достарыңызбен бөлісу: