478
Ислам ғылымхалы
– кедей көршілеріне, қалған үштен бірін садақа ретінде
тарататын».
Уәжіп болсын, нәпіл болсын құрбандыққа шалынған
малдың етін, терісін, сирақ-басын және сүтін сату –
мәкрүһ. Құрбан малының аталмыш бөлшектері сатылған
жағдайда құны кедейлерге садақа ретінде беріледі.
Құрбанға шалынған малдың ешқандай бөлшегінен
қасаптың ақысы ретінде төлеуге болмайды.
Хз. Әлидің былай дегені риуаят етілді:
«Аллаһтың
Елшісі (с.а.у.) түйелер құрбандыққа шалынған уақытта
басында тұруымды және терілері мен жүндерін тара-
туымды әмір етті. Олардың ешбір нәрсесін қасап ақысы
ретінде беруге маған тыйым салды. «Қасап ақысын біз
өзіміз береміз»
461
,
– деді.
Құрбандыққа шалынған малдың терісін кедейлерге,
қайырымдылық қорларына беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: