Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет278/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
Құрбан айтта құрбан шалудың үкімі
Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткен-
дерге құрбан шалу – уәжіп.
Уәжіптігінің дәлелдері:
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: 
«Намаз оқы және 
құрбан шал»
456
– деп, әмір етіп, құрбан шалудың 
уәжіптігін білдіреді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Кімде-кім мүмкіншілігі 
бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге 
жақындамасын!» – деп бұйырған. Әрине, бұндай қатаң 
ескерту, кем дегенде, құрбан шалудың уәжіптігін білдірсе 
керек.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Құрбан шалыңдар! 
Өйткені ол Ибраһим әкелеріңнің сүннеті», – деуі құрбан 
шалудың уәжіптігіне теріс емес. Өйткені «сүннет» жолы 
деген мағынаны білдіреді. Яғни, бізге уәжіп болған 
құрбан шалу – Ибраһимнің (а.с.) жалғаса келген жолы 
деген мағынаны меңзейді.
Құрбан шалу кімдерге уәжіп?
Құрбан шалу белгілі бір адамға уәжіп болу үшін 
төмендегі шарттар керек.
1. Мұсылман болу
2. Құрбан айт уақытында жолаушы болмау
3. Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі 
қаржыға ие болу. Нисап мөлшері – 85 грамм алтын 
яки құнына тең келетін ақша. Зекет ғибадаты сияқты 
құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мөлшеріне жеткен 
малға бір жыл толу шарт емес.
456
Кәусар, 108/3. 


473
Құрбан
Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету 
керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны сияқты, 
тек қана етін пайдалану үшін де союға болады.
Құрбан шалудың уақыты
Құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші 
күні айт намазынан кейін басталып, айтың үшінші күні 
ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Үзір себеп-
терге байланысты құрбан айт намазына бара алмай қалған 
адамның, намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін 
құрбанын шала беруіне болады. Пайғамбарымыздан 
(с.а.у.) құрбан шалудың уақытына байланысты бірнеше 
хадис риуаят етілген. Бәрә ибну А’зибтің риуаяты бой-
ынша:
«Аллаһтың Елшісі (с.а.у.): «Біздің бұл күнде 
алғашқы жасайтын – ісіміз намаз оқу, сосын қайтып 
келіп, құрбанымызды шалу. Кім осылай істесе біздің 
сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбанын 
шалатын болса, бұл құрбанының отбасына берілген 
еттен айырмашылығы жоқ. Бұның құрбан болуы мүмкін 
емес»
. Басқа бір хадисте: 
«Кімде-кім намаздан бұрын 
құрбанын шалса, қайтадан шалсын»
, – деп, намаздан 
бұрын шалынған малдың құрбандыққа есептелмейтінін 
ескертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет