А. М. Касенова. Стандарттау



Pdf көрінісі
бет129/184
Дата27.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#110997
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   184
Ill т а р а у . Метрология негіздері 191
1971 жылы Қазақ ССР-інде мемлекеттік қадағалаудан өлшеу 
бірлігін қамтамасыз етуге өтуге бағытталған үлкен жүмыс 
басталды.
Республика кәсіпорындары әзірлеген және шығарған өлшеу 
құралдарын мемлекеттік сынақтан, өлшеу құралдарының жеке 
өндірілген өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациядан 
өткізу ұйымдастырылды, өлшеудің орындалуының әдістемесін 
эзірлеу және аттестациялау жөніндегі жұмыс басталды.
1977 жылы КСРО Мемлекеттік стандарттау тапсырмасымен 
Алматы стандарттау және метрология орталығында мемлекеттік 
стандартты 
түсті 
металл 
қүрамының 
үлгілерін 
өндіру 
үйымдастырылды. Ол үшін арнайы технологиялық қондырғы 
әзірленді. Орталық Мемлекеттік стандартты үлгілердің 35 типін 
әзірледі әрі тізімге енгізді, 9000 мың данасы сатылды.
Республикада қолданыста 8 млн астам өлшеу қүралдары болды. 
Оларға метрологиялық түрғыдан қызмет ету үшін эталондық база 
қүрылған. Республикада 17 жүмыс эталон, 13 мыңнан астам дэлдігі 
жоғары үлгілі өлшеу қүралдары болды, оның ішінде 1-дәрежелісі 
- 800, 2-дәрежелісі - 700.
Еліміздің тәуелсіз 
мемлекет мәртебесіне 
ие болуына 
байланысты бүрынғы орталықтан оқшаулау процесі жүрді. 
Республиканың экономикасында және Мемлекеттік стандарт 
жүйесінде елеулі өзгерістер жасалынды.
Ресей жэне Украина аумағында қүрылған метрология 
институттары 1992 жылға дейін өлшеудің 17 түрінен бүкіл Кеңес 
Одағын өлшеу бірлігін қамтамасыз етіп келген, негіз болатын 
стандарттарды жэне нормативтік қүжаттарды әзірлеп отырған.
Міне, сондықтан республиканың Мемлекеттік стандартының 
алдында қол жеткізген деңгейді сақтап қалу және жаңа үлттық 
эталондық базаны қайта күру, үлттық нормативтік қүжаттар 
әзірлеу, оларды халықаралық талаптармен үйлестіру сияқты 
күрделі мәселелер туындады.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы 
1993 жылы 18 қаңтарда «Өлшеу бірлігі туралы» Заң қабылдады. Заң 
республикасының метрологияның инфрақүрылымның басқаруда 
жаңа зандылық принциптерге және мемлекеттік қадағалаудың 
нысанын белгілейтін негізге көшіруге мүмкіндік туғызды.


192 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негидері
Республиканың Үкіметі «Мемлекеттік өлшеу бірлігі жүйесінің 
даму бағдарламасын» қабылдады. 1994 жылдың қазанында Қазақстан 
Халықаралық заңдылық метрология ұйымына толық құқықты мүше 
болып кірді. Республика ИСО-ның мүшесі жэне ТМД елдеріндегі 
«Стандарттау, 
метрология және сертификаттау 
саласындағы 
келісілген саясат жүргізу туралы келісімге» қол қойған ел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет