А. М. Касенова. Стандарттау


Жарык, күшінің бірлігі - канделаның бірлігі



Pdf көрінісі
бет146/184
Дата27.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#110997
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   184
Жарык, күшінің бірлігі - канделаның бірлігі.
XIX ғасырда 
жарық күшінің бірлігі жэне оның эталоны ретінде свеча (қазақша -
шам) қолданылды. 1881 жылы өткен электриктердің Халықаралық 
конгресінде жарық күшінің бірлігі - Виола қабылданды. 1 Виола 
ретінде қатая бастаған ауданы 1 см2 платина бетінен нормаль 
бағытта шығатын жарықкүші алынды. Электриктердің 1893 жылғы 
конгресі жарық күшінің эталоны ретінде ішінде таза амилацетат 
жанатын Гефнер-Алътенек шамының күшін қабылдады. Бүл 
шамның ені 8 мм, биіктігі 40 мм болатын жалын жарығының күші 
жарық күшінің эталоны деп есептелді. 1909 жылы жарық күшінің 
бірлігі ретінде Халықаралық свеча қабылданды. Оны жаңғырту- 
шы эталон ретінде электршамы пайдаланылды. Электр шамдары 
жарық бірліктерін 0,1%-тен аспайтын қателікпен жаңгыртуға 
мүмкіндік берді. XX ғасырдың 30-жылдарында метрологиялық 
мекемелерде толық сәуле шығарушы (абсолют кара дене) 
негізделген жаңа жарық эталондар жасалды.
Бүл эталондардың басты кемшілігі жарықты және энергияны 
сипаттайтын шамалар арасындағы байланыстың бір мәнсіздігі 
болды. Сондықтан 1979 жылы Өлшемдер мен таразылардың 
XVI бас конференциясы жарық күшінің бірлігі канделаның жаңа 
анықтамасын қабылдады.
3.4.2 Өлшенетін шамалар және халықаралық
физикалық шамалар бірліктерінің жүйесі
Дамыган елдер арасында сауда-саттық, экономикалық, 
ғылыми-техникалық байланыстардың дамуы өлшем бірліктерінің 
біржүйегебағынуынталагіетебастады. Мүндайжүйедекогеренттік 
жэне күнделікті өмірде қолдануга ыңғайлылық принциптерінің 
іске асуы қажет болды. Электрлік жэне магниттік қүбылыстардың 
адам өмірінде кеңінен қолданылуына байланысты электрлік, 
магниттік өлшем бірліктердің метрлік бірліктермен сипаттал\


Ill 
тарау. Метрология негіідері 217
мүмкіндігін қамтамасыз ету де күн тэртібіне қойылды. Айта кету 
керек, бүл мәселе элі күнге дейін толық шешімін таппай келеді. 
Көптеген елдерде тарихи себептерге байланысты өздерінде ғана 
қолданылатын бірліктер қалыптасқан. Мәселен, Англия, Франция, 
Италия, АҚШ т.б мемлекеттерде қазірдің өзінде тағайындалған 
өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесіне көндіге алмай келеді. 
Үзындықты фут, ярд, температураны фаренгейт, көлемді пинта, 
галлон, баррельмен өлшеу осы елдерде кеңтаралган.
Қандай да бір бірліктер жүйесі болмасын халықаралық деңгей- 
де қолданылмайды. Тіпті механикадағы ең жетілген бірліктер жү- 
йесі - МКГСС жүйесінің өзі кең көлемде пайдалануға жарамайды. 
Себебі, механика мен қолданбалы механика ғылымдарының 
мүқтаждығын кәдімгідей өтеп келген МКГСС жүйесі электрлік 
бірліктермен сәйкестендірілмегендіктен, әмбебап жүйенің ролін 
атқара алмады.
Тарихи, алғаш физикалық шамалардың бірліктер жүйесі 
- 1791 жылы Францияның үлттық жиналысында қабылданған 
өлшемдердің метрлік жүйесі болып табылады. Онда үзындықтың, 
ауданның, 
көлемнің, 
сиымдылықтың 
(механикалық) 
және 
салмақтың ғана өлшем бірліктері бекітілді. Ал олардың негізгі 
бірліктері ретінде метр мен килограмм тағайындалды. 1800 
жылы К. Гаусс негізгі және туынды бірліктердің жиынынан 
қүралатын өлшем бірліктер жасаудың әдістемесін үсынды. 
Гаусс ұсынған бірліктер жүйесі негізінде өзара тәуелсіз, еркін 
түрде тағайындалған үш шаманың бірліктері қабылданды. Олар: 
үзындықтың бірлігі - миллиметр, массаның бірлігі - килограмм, 
уақыттың өлшем бірлігі - секунд деп тағайындалды. Бүл жүйені 
Гаусс абсолют жүйе деп атады.
Физикалық шамалардың арасында функциялық байланыстар 
бар болғандықтан, олардың өлшем бірліктерін еркін түрде 
тағайындауға болмайды. Еркін түрде тек жеті физикалық 
шаманың өлшем бірліктері тағайындалған. Олар: үзындық (метр), 
масса (килограмм), уақыт (секунд), температура (кельвин), ток 
күші (ампер), жарық күші (кандела). Негізгі бірліктерге қосымша 
бірліктер: жазык бүрыш (радиан), денелік бүрыш (стерадиан). Міне 
осылар халықаралық бірліктер жүйесінің негізгі өлшем бірліктері 
болып табылады. Қалған шамалардың бірліктері олардың негізгі


218 Стандпрттау, сертификаттау және метрология негіздері
шамалармен қатынастарының негізінде қорытылып шығарылады. 
Бұл шамалар туынды шамалар, ал олардың бірліктері туынды 
бірліктер деп аталады.
1954 жылы өлшемдер мен таразылардың X Бас конферен- 
циясында негізгі өлшем бірліктері тағайындалды. Олар метр, 
килограмм, секунд, ампер, кельвин градусы жэне свеча (шам).
1960 жылы өлшемдер мен таразылардың XI Бас конференция- 
сы жоғарыда аталған алты негізгі бірліктерге негізделген жүйе- 
ні Халықаралық жүйе, қысқаша СИ - [SI] (французша - Susteme 
International атауының бас әріптері) деп атады. Бірліктердің 
халықаралық жүйесі іргелі физика мен қолданбалы физиканың 
Халықаралық 
одағында, 
Халықаралық 
электротехникалық 
комиссияда тағы да басқа халықаралық үймдарда қабылданды. 
ЮНЕСКО өзінің барлық мүшелерін бірліктердің халықаралық 
жүйесін ұстануға міндеттеді. Біздің елімізде (ол кезде КСРО) 
бірліктердің Халықаралық жүйесі 1961жылдан бастап енгізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет