А. М. Касенова. Стандарттау


II тарау. Сертификаттау жэне сэйкестікті растау негіздері 103



Pdf көрінісі
бет73/184
Дата27.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#110997
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   184
II тарау. Сертификаттау жэне сэйкестікті растау негіздері 103
Елімізде 1993 жылы өнімнің, қызметтің сапасын бағалау 
жүйесін, олардың қауіпсіздігін жэне сапасын кепілдеу жүйесін 
қабылдады.
Қазақстан Республикасында өнімдердің жэне қызметтердің 
техникалық деңгейін, сапасын жэне қауіпсіздігін арттыруда сер­
тификаттау жаңа бағыт болып табылады.
Елімізде сертификаттау жүйесін ендіруге дейін өлшем 
қүралдарын, авиациялық ауыл шаруашылығы, автомобиль техни- 
каларын мемлекеттік сынақтан өткізудің жүйесі болды. 1979 жыл- 
дан бастап сынақта өндірістік-техникалық жэне мәдени-тұрмыс 
өнімдерін сынақтан өткізе бастады, сол кездегГхалықаралық стан- 
дарттар жүйесімен және нормалармен сәйкестендірілді. Кейінірек 
қорғаныс техникалары мен өлшем құралдарынан басқа өнімдердің 
барлық түрін сынау тыйылды.
Бүгінгі күнде дамыған елдерде адам өмірі, денсаулығы және 
қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін өнім сараптамадан міндетті 
түрде өтуі тиіс. Осының арқасында өндіруші мен түтынушыдан 
тәуелсіз сертификаттау орталығы өнімге халықаралық қауіпсіздік 
талабына сай сәйкестік сертификатын береді.
Сертификаттау көптеген елдерде нарықтық жэне мемлекеттік 
сапа менеджментінің маңызды элементі болып саналады, соны- 
мен қатар ішкі және сыртқы нарықта өнім мен қызметтің бәсекеге 
қабілеттілігінің міндетті шарты болып саналады.
Осыған байланысты біздің ел 1993 жылы өнім мен қызметтің 
сапасын бағалау жүйесі мен жоғарғы деңгейдегі сапаның 
қауіпсіздік кепілдігінің жүйесін қабылдады.
Сертификаттау объектілері
өнім, қызмет, үрдіс, жүмыс 
жэне сапа жүйесі болып табылады.
Сертификаттауға жататын өнім, қызмет, үрдісті Қазақстан 
Республикасының Үкіметі бекітеді.
Отандық жэне импорттық өнімдердің сәйкестігін растау 
Қазақстан Республикасының сертификаттау жүйесі (СЖ) бекіт- 
кен біртекті тәртіппен және схемамен жүргізіледі (бүл өнімнің 
өндірілген орны мен мемлекетіне, өндіріс үрдістеріне, сақталуына, 
тасымалдауына, қолданылуы мен утилизациясына жэне т.б. 
қарамайды.)


104 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негіздері
Импорталған өнімнің сәйкестігін растау шетелдік сертифи­
каты мен сәйкестік белгісін мақүлдау арқылы жүргізіледі. Егер 
Қазақстан Республикасында бүл сертификат мақүлданбайтын бол- 
са, онда ол өнім қауіпсіздігінің көрсеткіштерін сәйкесетендіруін 
мемлекетте қолданылатын нормативті құжатта бекітілген талап- 
тар бойынша сертификаттық сынақ жүргізіледі.
Экспортталатын өнімнің сэйкестігін растау өнім жіберуші 
мен қабылдаушының келісім шартында бекітілген норматив- 
тік қүжаттардың талаптарының сәйкестігін тексеру арқылы 
жүргізіледі.
Өнімді сертификациялық сынақтан өткізу үшін тек қана ак- 
кредиттелген сынақ зертханалары қатысу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет