Сабақ. Өнімнің сәйкестігін растауды жүргізу технологиясы



бет1/4
Дата08.12.2022
өлшемі24,66 Kb.
#56003
түріСабақ
  1   2   3   4

10 – тәжірибелік сабақ. Өнімнің сәйкестігін растауды жүргізу технологиясы
Мақсаты: «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына өнімнің сәйкестігін сертификаттауды жүргізу тәртібін меңгеру.

Бақылау сұрақтары:


1. «Өнімді сертификаттау» ұғымына анықтама беріңіз.
2. Сертификаттау мақсатын атаңыз.
3. «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО техникалық регламентінің әрекет ету аумағын көрсетіңіз.
4. Сәйкестікті бағалау мәселелерімен байланысты «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы « КО техникалық регламентінің құрылымдық элементтерін көрсетіңіз.
5. Сәйкестікті міндетті растау кезінде өтінім беруші өтініммен бірге қандай құжаттарды ұсынады?
6. Өнім міндетті сертификаттауға жататынын қалай анықтауға болады?
7. Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын сертификаттау үшін қандай схемалар қолданылады?
8. Қандай жағдайларда жоспардан тыс инспекциялық бақылау жүргізіледі?
9. Сәйкестік сертификатының қолданылуын тоқтата тұру немесе жою қандай жағдайларда жүргізіледі?


1. «Өнімді сертификаттау» ұғымына анықтама беріңіз.
Өнімді сертификаттау - өнімнің талапқа сай өндірілгені куәландыратын шаралар, өндіруші мен тұтынушыларға тәуелсіз мекеменің берілетін арнайы жазбаша түрдегі куәландыруы.
2. Сертификаттау мақсатын атаңыз.
Сертификаттау (куәландыру) - азаматтардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және айналадағы ортаға өнімнің қауіпсіз болуы талаптарына сай келуін тексеру. Мамандандырылған мемлекеттік ұйымдар жүргізеді.[1] Сертификаттау деп сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсімді де атайды.
Сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан азық – түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс.
Өндірілетін тауарды және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің (қызметтердің) сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.
Азық-түлік шикізатын және тағамдық өнімдердің сапасын Сертификаттау үшін арнаулы білімі бар, білікті және тәжірибелі мамандар керек. Сертификаттау сынағын өткізу үшін арнаулы аттестацияланған сынақ зертханалары қажетті жабдықтар мен нормалық, анықтамалық, құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, сынақ барысында алынған нәтижелер, бірдей жағдайда, басқа зертханаларда сыналып алынған нәтижелер, бір-бірімен сәйкес болуы керек.
" Сертификаттау туралы" Заң (Қосымша Б) ҚР-дағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді (бұдан ары процестерді), сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.

Заң негізінде сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау, өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;


өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарықтық қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:


- өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;


- өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
- сынақтың кәсіби түрде өтуі;
- шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;

Өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын тандап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;


- сертификаттау объектісінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі;
- сертификаттау жұмысында ИСО/МЭК аймақтық ұйымдар, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
- ҚР қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдердің сертификаттау органдарының аккредитациясын, аккредитацияланған сынақ зертханасының сертификаттарын және сәйкестік белгісін ҚР-да тану;
- ақпараттық коммерциялық құпиясын ашпау;
- қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына тұтынушылар қоғамын қатынастыру.
ҚР-ның мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70 %-ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85 %-дай болады, сондықтан сертификаттау жұмысының маңызы әрі қарай да өсе береді.

3. «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО техникалық регламентінің әрекет ету аумағын көрсетіңіз.


017/2011 КО ТР
017/2011 КО ТР туралы айтатын болсақ, бұл құжаттың да басқа регламенттер сияқты жалпы қамтитыны: өнім қаіпсіздігі, тұтынушы құқығы, мемлекеттік бақылау, саудадағы техникалық кедергі т.б.. Демек басты мақсат өнімді пайдаланатын тұтынушылардың алданып қалмауы, адам өмірі мен денсаулығының қорғалуы. Қолданылу аясы Кеден одағы аумағында бірдей күшке ие.
Осы регламентке кіретін өнімдерді талдай кетер болсақ, олар: тоқыма материалдары, трикотаж және тігін киімдері мен бұйымдары, кілем бұйымдары, былғары галантериялық және тоқыма галантериялық, киіз өнімдері, аяқ киім, тері және тері бұйымдары, былғары және былғары бұйымдары, жасанды былғарылар.
Ал бұл регламентке кірмейтін өнімдер: бұрын қолданылған өнімдер, жек тапсырыс бойынша жасалған, балалар мен жеткіншектерге арналған, медицинаға арналғын бұйымдар, каптамаға арналған тоқыма кап материалдары, техникаға арналған материалдар мен бұйымдар, кәдесыйлар мен көркемөнер бұйымдары, спорттық командаларды жабдықтауға арналған спорттық бұйымдар, постижерлік өнімдер (жасанды шаштар, жапсырмалы мұрт, сақалдар т.б.).
Жеңіл өнеркәсіп өнімдері биологиялық, механикалық және химиялық қауіпсіздіктерімен бағаланып анықталады. Кез келген жеңіл өнеркәсіп өнімдері осы регламент талаптарына сай болған жағдайда ғана Кеден одағы аумағына сауда айналымына шыға алады. Техникалық регламент талаптарына сай келетіндігі бекітілмеген өнімге Кедан одағының біріңғай белгісі берілмейді де одаққа мүше елдер нарығына шығарылмайды.

Таңбалау талаптары


Өнімнің таңбалануы анық, оқылытын, көруге қол жетімді жерде орналасуы керек. Таңбалануда мынадай міндетті ақпараттар болуы тиіс:
— өнімнің атауы;
— өндіруші ел атауы;
өндіруші тұлғаның атауы;
— өндіруші тұлғаның заңды мекенжайы;
— бұйым көлемі;
— шикізат құрамы;
— тауар белгісі;
— кеден одағына мүше мемлекеттердің сауда нарығындағы біріңғай белгісі;
— өндірушінің міндетті кепілдігі (қажеттілікке байланысты);
— өндірілген күні;
— өнімдер топтамасының нөмірі (қажеттілікке байланысты).
Өнімдердің түрлеріне байланысты массасы, сұрыпы, үлгісі, қалыңдығы т.с.с. көрсеткіштері жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет