А. М. Касенова. Стандарттау


Казакстан Республикасынын



Pdf көрінісі
бет80/184
Дата27.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#110997
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   184
Казакстан
Республикасынын 
заннамасында 
белгіленген 
тэртіппен 
сэйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік 
сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация.
Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің 
техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарт- 
тардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сэйкестігін 
куэландыратын қүжат. Өнімнің, көрсетілетін қызметтің техни- 
калық регламенттерде, стандарттар мен өзге де қүжаттарда бел- 
гіленген талаптарга сәйкестігін растау рэсімінен өткені туралы са- 
тып алушыларды хабардар етуге арналған белгі - сәйкестік белгісі 
деп аталады.
Сәйкестікті растау сызбасы - объектінің 
техникалык ре­
гламенттерде. 
стандарттарда немесе шарттарда белгіленген 
талаптарга сәйкестігін осы жүмысты жүргізудің нақты кезеңдерін 
(сынау, 
өндірісті 
бағалау, 
нормативтік және 
техникалык 
құжаттаманы талдау т.б.) сипаттай отырып айқындау тәсілдері.
Сэйкестікті растау, тауар шығарылатын мемлекетті анықтау, 
аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор - уэкілетті орган белгі- 
леген тәртіппен аттестатталған маман.
2.3 Сертификаттаудың құқықтық негіздері. Сертифи­
каттау саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару
Сертификаттау саласындагы ҚР заңдарының қүрылымы
мен негізгі ережелері. «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы
2004 жылдың 9 қарашасында қабылданған «Техникалық рет­
теу туралы» Заң Қазақстан Республикасында сертификаттаудың


II тарау. Сертификаттау және сэйкестікті растау негіздері 113
заңды негізі болып табылады. Бүл заң 1999 жылы қабылданған 
«Сертификаттау туралы» Заңды алмастырмайды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау 
жүйесінің нормативтік базасы мынадай құжаттарды анықтайды 
(мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық, үлттық):
1. Стандарттар, 
санитарлық 
ережелер 
мен 
нормалар, 
қүрылыстық нормалар мен ережелер, анықталған рецептура 
жиынтығы, ақпараттық материалдар мен баска да нормативтік 
құжаттар;
2. Өнімді сынау әдістемесінің нормативтік құжаттары;
3. Сапа жүйесінің нормативтік қүжаттары;
4. Кешеннің аймақ аралығындағы нормативтік қүжаттары.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар серти-
фикациясы үшінші мемлекетаралық стандарттар тобына жатады. 
Ол сертификаттау объектісі мен процедураларының нормалары 
мен өтінішін анықтайды.
ҚР СТ 3.1-2001 «Қазақстан Республикасының Мемлекет- 
тік сертификаттау жүйесі» Қазақстан Республикасының МСЖ 
қүжаттар кешенінің негізгі стандарты болып табылады.
Өнімнің, қызметтің, сапажүйесі мен өндірістің сертификация- 
сын дүрыс өткізуіне мыналар кіреді: ҚР СТ 3.4; ҚР СТ 3.5; ҚР СТ 
3.7; ҚР СТ 3.9; ҚР СТ3.13;ҚР СТ 3.15.1; ҚР СТ3.15.2;ҚР СТ3.17; 
ҚР СТ 3.21; ҚР СТ 3.24; ҚР СТ 3.26.
Үйымды сертификаттау жэне аккредиттеу өтініші ҚР СТ 7.20- 
1-2008 көрсетілген.
Үйым әдістемелік ережелеріне сай жасалған бірқалыпты 
өнімдер тобы мен қызметіне таратылады. Мысалы: ҚР МСЖ- 
де бидайды, көкөніс пен азық-түлікті қайта өндеу; қант пен 
кондитерлік өнімдерді; сусындарды, арақ-шарап өнімдері мен 
этил спиртін; темекі мен темекі өнімдерін; емдік-алдын алу 
өнімдерін; май жэне сүйық май өнімдерін; балалар тағамы мен 
баланың ойыншығын; косметика өнімдерін; гигиенаға арналған 
контистенттік өнімдерді; жеңіл өндірісті; ыдыс-аяқтарды; элек- 
трлік, түрмыстық жабдықтарды, конструкция мен қүрылыс ма- 
териалдарын; мүнай өнімдерін; көмір өнімдерін; медициналық 
жабдықтарды; механикалық, техникалық жабдықтарды сертифи­
каттау ережелерін жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет