Уйымдастырудағы рөлі 1 абж құрылымы



бет1/52
Дата28.11.2023
өлшемі12,78 Mb.
#131035
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
автом баск жуйеси китап (1)


  1. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒAH БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
    (көліктегі) ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЛІКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ
    УЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ


1.1 АБЖ құрылымы
Адамдар мен техникалық кұралдардың басқаруынсыз көлік
белгілі бір тапсырмаларды орындай алмайды.
Көлік қозғалысын басқару жүйесі - күрделі құрылым. Ол
келесі ішкі салаларды басқару жүйелерін қамтиды: Көлік және
коммуникациялар министрлігі; жол, жол бөлігі, кәсіпорын бой-
ынша үлестірілген функционалды қызметті басқару (мысалы,
кадрлар, материалдық-техникалық қамсыздандыру, қаржы) жүйе-
лері.
Көлікті басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру, оның
қызметін іске қосу және дамыту өзінің күрделілігіне байланысты
арнайы ішкі саланы құруды қажет етеді. Бұл ішкі сала тапсы-
рыс беруші мен АБЖ пайдаланушылар арасындағы байланысты
қамтамасыз етеді.
Жүйе - өзара қатынастармен байланысқан тұтас, реттелген
элементтер жиыны. Басқару деп мақсатты ықпал етуді ұйымдас-
тыру: жүйенің мақсатты және тиімді әрекетін қалыптастыру
үрдісі аталады.
Басқару кезеңдері: болжау, жоспарлау, оперативті басшылық
ету, есепке алу, бақылау, реттеу, үлестіру, ұйымдастыру және
ынталандыру. Бұл ретте әкімшілік және оперативтік басқару,
сондай-ақ, оның аспектілері жіктеледі: экономикалық, техни-
калық, ұйымдық, әлеуметтік, өндірістік, кадрлік, күқықтық, пси-
хологиялық және саяси.
Көлік қозғалысын басқару жүйелері күрделі жүйелер ca-
натына жатады. Ол жалпы мақсатқа бағынатын бірнеше өзара
байланысқан ішкі жүйелерді (жүк, жолаушылар, жүк жұмыс-
тарын, инфрақұрылымды және т.б. тасымалдауларын басқару)
біріктіреді және бағыныңқы бөліктер арасында басқару функ-
циялары үлестірілетін көпсатылы құрылыммен сипатталады. Бұл
ретте жүйе оның бөліктері арасындағы ішкі байланыстарды және
сол сияқты басқа жүйелермен арадағы сыртқы байланыстарды
қолданады.
Көлік қозғалысын басқару процесі технологиясы үш кезеңде
жүзеге асырылады: көлік нысандары туралы ақпаратты жинақ-
тау, дайындау және жіберу; басқару бойынша қажетті шешімдер
шығару мақсатында алынған ақпаратты өңдеу; басқарушылық
үйғарымдар мен түрлі жарлық ақпаратын шығару және атқару-
шыларға жеткізу.
Басқару процесі басқару нысаны мен басқару орғанының
өзара әрекеттестігі негізінде жүзеге асырылады.
Басқару нысаны алдына қойылған мақсатты жүзеге асыру
үшін функциялар немесе әрекеттерді іске асырады, мысалы, жүк-
тер мен жолаушыларды тасымалдау операцияларын орындайды.
Басқару орғаны (БО) таңдалған мақсатқа сәйкес басқару нысаны
элементтерінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
БО мен басқарылатын нысан арасындағы қарым-қатынастар
басқару үрдісі технологиясы шеңберінде кері байланыс заңдары
бойынша құрылады: БО нысан туралы ақпарат алады, оны тал-
дайды (өңдейді), шешім қабылдайды және қажет болған жағдайда
жарғылық ақпаратты жасап шығарады, оны басқару нысанына
береді.
Осылайша, кез келген көлік нысанын басқару өз мақсаттары,
міндеттері мен мазмұны түрғысынан жіктеле отырып, үздіксіз
циклдық процесс болып табылады және жүйе жұмысын тоқтат-
пайынша жүзеге асырылып отырады.
Ішкі жүйелер мен жүйенің ішкі элементтері арасындағы көп-
теген ықтимал қарым-қатынастар құрылымдық жүйе деп ата-
лады.
АБЖ ендіру қолданыстағы басқару жүйесінің функционал-
дық құрылымдарына бірқатар түзетулер енгізуді қажет етеді.
Бұл қызмет тасымалдаулар процестерін басқару саласында
анағұрлым күрделі болып табылады. Сондықтан, бұл ішкі ca-
ланың барлық құрылымдық бөлімшелеріне арнайы лауазымды
тұлғалар немесе толық бөлімшелер енгізілген. Тасымалдаулар-
ды басқаруда бұл функцияларды техникалық бөлім, ал жолдар-
да АБЖ бойынша тасымалдаулар қызметтері басшыларының
орынбасарлары, бөлімшелерде АБЖ бойынша тасымалдаулар
бөлімі басшысының орынбасарлары атқарады. Бекеттер мен
жол бөлімшелерінде ақпараттық пунктер (АП) немесе ақпаратты
шоғырландыру пунктері құрылған.
Есептеу орталықтарында есептеу техникасы шоғырланған-
дықтан олар ужымдық пайдаланылатын деректерді өңдеу орта-
лықтары (ДӨО) болып табылады. Есептеу орталықтарында
барлық әрекеттегі функционалдық ішкі жүйелердің ақпараты
өңделеді, олар ақпарат алмасу жүргізілетін байланыс арналары-
мен жалғанған. АБЖ функционалдық құрамының дамуымен,
ақпарат көлемінің артуымен жекелеген ішкі жүйелер үшін тех-
никалық құралдардың бөлінуі орын алады. Мысалы, барлық
дерлік АЕО-да тасымалдауларды оперативті басқару ақпараттық
жүйелерінің (ТОБАЖ) мәліметтерін өңдеу осы мақсатқа арнайы
бөлінген техникалық құралдар кешенінде орындалады.
Есептеу техникасы мен байланыс құралдарының дамуы соң-
ғы кездері басқару құрылымын жетілдіруге мүмкіндік берді. Бұл
ретте жетілдіру деп басқару деңгейлерін, соның ішінде, ішкі
деңгейлерді (бір құрылымдық бөлімше шеңберінде) қысқарту,
басқарушыларды сәйкесінше қысқарта отырып, қолмен орында-
латын функциялар (есепке алу, орылдалған қызметтің графигін
жүргізу, есептеу және т.б.) көлемін қысқарту үрдісі ұғынылады.
АБЖ жетілдіру автоматтандырылған диспетчерлік басқару
орталықтарын (АДБО) құру арқылы жүзеге асырылады. Ондай
мамандандырылған бөлімшелер меншікті техникалық құрал-
дармен, соның ішінде ұжымдық және жеке автоматтандырылған
жұмыс орындарымен (АЖО) жасақталған.
Қазіргі заманға сай техникалық жасақталған ipi бекеттерде
диспетчерлік басқару орталықтары жұмыс жасайды.
Тасымалдау процесін басқару саласындағы есептеу техни-
касы мен байланыс құралдарының одан әрі дамуы мен жетіл-
дірілуі осы процестерді басқаруға қатысушылардың барлығы
автоматтандырылған жұмыс орнымен (АЖО) жасақталған авто-
маттандырылған басқару орталықтарын (АБО) құруға әкеледі.
АБЖ негізгі және функционалды бөліктен тұрады. АБЖ жалпы
құрылымдық схемасы (КАБЖ үлгісінде) 1.1-суретте берілген.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет