364
деп басталатын газеттің 43-санында жарияланған мәтіні түпнұсқамен
салыстырылмады, сондықтан 1989 жылғы жинақты негізге алдық.
Ал, аталған әдеби зерттеудің «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 39-40-
сандарындағы мәтінін 1989, 1991 жж. жинақтармен салыстырылып,
өзгеріске түскен сөздер қалпына келтерілді. Газеттегі: «...мақтап
отырған Абайы біздің Әбубәкір, Сейдахмет, Ақмолаларымыз...» де-
ген тіркесте XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі
болып табылатын ақынның аты «Әдебиет танытқышта» Ақмолда деп
аталған, ақын есімі түзетілді.
39-сандағы мәтіннің 1-бетінде: «Абай кітабы. Бағасы – 70 тиын.
Семейде Көпбай Байысов лавкасында сатылады» деген сілтеме беріл-
ген. Мәтіннің осы тұсы да түпнұсқа бойынша берілді.
39-санның 3-бетіндегі «Біліммен би
болып, жұрт билейтін за-
ман өтіп, тасың би болатын заманға қарсы туған» деген сөйлемдегі
«тасың» деген сөзден кейін 1989, 1991 жылғы жинақтарда «тас-
пен» деген сөз жақшаға алынып, қосарлана берілген. Түпнұсқадағы
қалпына келтірілді.
1989, 1991 ж. жинақтарда «Қосарлы бейітсымал келді арасы» де-
ген өлең жолындағы «бейітсымал» деген сөзге сілтеме түрінде «Өлең,
жыр» деген түсінік берілген. Бұндай түсінік түпнұсқада жоқ.
Ал, түпнұсқадағы «Мінәжат ғалымдардың зар-наласы» деген тар-
мақтағы «ғалымдардың» деген сөз
жоғарыда аталған жинақтарда
«уәлилердің» деген сөзбен ауыстырылып, бұл сөзге де сілтеме ретінде
«Әулие, Пайғамбар» деген түсінік берілген екен. Түпнұсқа қалпына
келтірілді.
Газеттің 40-санында мысал ретінде алынған Абайдың «Өлең
– сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңінен
соң сілтеме ретінде
бұл шығарманың мәтіні қашан және авторының кім екенін білдіретін
«1887-ші жыл (Абай)» деген анықтама берілген, ал
бұл анықтама
жоғарыда көрсетілген екі жинақта да алынып тасталған. Бұл жинақта
олар түзетіліп берілді.
«Қазақ» газетінің 39, 40-сандардағы мәтіндерден кейін автордың
аты-жөні «А.Б.» деп қысқартылған түрде көрсетілген. Ал, 43-санның
микрофильмдегі мәтінінің тым көмескілігінен жалғасын оқу қиын
болғандықтан, оның соңында да осындай
қысқарған атау тұруы
мүмкін деген болжам жасауға болады.