194
Жайдағы қайғыдан қуаныш үстінде көрген қайғы жанға
көбірек батады. Жарлылық қиындығы жасынан жарлы
болғаннан гөрі байдан жарлы болғанға көбірек сезіледі.
Көріксіз бетіндегі дақтан көріктінің бетіндегі дақ көзге көбірек
түседі. Тәттінің артынан ащылық, дәмдінің артынан дәмсіздік
артығырақ білінеді. Сөздің әсерін күшейту үшін
табиғаттың
бұл заңын сөз шығарушылар көп қолданады. Байдың аса
байлығын анық көрсету үшін елін кедей қылып көрсетеді.
Батырдың халық үшін қандай бәйгеге тігетіндігін көрсету
үшін өлдім-талдым дегенде көрген шал мен кемпірдің аяулы
баласы қылып, оның үстіне байлығын да қоса көрсетеді. Ал-
памыс, Қобыланды, Сайын бәрі де байдың жалғыз балалары.
Лебіз түрінде де ақындар сөзінде көп ұшырайды. Сөзді былай
әсерлеу әдісі
түйістіру
деп аталады.
М ы с а л д а р:
1. Ассалаумағалайкум, батыр Ерден!
Кетіп тұр бақ-дәулетің тағы кердең.
Ішінде топ қарғаның бір бүркіттей
Көзіме көрінесің келген жерден.
Қарға мен бүркітті түйістіргенде, бүркіт әрине, өте көрнекті
көрінбекші,
олай болса, бүркітке теңеген Ерденнің өзгеден
артықтығы көбірек білінбекші.
2. Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, етім көр.
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де, бетім көр.
Ақтың ақтығының нағыз күшті көрінетіні қарамен қатар
қойғанда, бұл ақтың ақ болып көрінудің ең барып тұрған жері.
Қара жер мен қарды қатар қойғандағы мақсат, еттің ақтығы қай
дәрежеде екендігін көрсету. Еттің ақтығы қар мен қара жерді
қатар қойғанда қандай анық көрінсе, бетінің қызылдығы қарды
қанмен қатыстырғанда сондай анық көрінбекші.
Сол ақ пен
қызыл қатысқан түсті қар мен қаннан артық еш нәрсе көрсете
алмайды. Мұны бұлай келтіріп отырған ақынның ақындығы.
Ақжүністің Қарт Қожаққа әуелі жастықтағы күйін ай-
тып келіп, сонан соң барып қартайғандағы күйін айтуы да
ақындықтың әлгі әдісі.
195
3. Бес жасыңда Қарт Қожақ,
Жас шыбықтан жай тарттың,
Жалғыз шиден оқ аттың
Атқан оғың жоғалттың,
Кәне, шыққан мүйізің?!
Он
жасыңа келгенде
Қызыл-жасыл киініп,
Қынай белің буынып,
Қыз баладай көрініп,
Бала болдың бір кезек,
Кәне, шыққан мүйізің?!
Жиырма беске келгенде
Ақ балтырың түрініп,
Оймақтай аузың бүріліп,
Қарт бурадай қамданып,
Қас батырдай шамданып,
Сыртыңнан
дұшпан сөз айтса,
Шыныңменен арланып,
Қызды бақтың бір кезек
Кәне, шыққан мүйізің?!
Отыз
беске келгенде,
Қоңыраулы найза қолға алдың.
Қоңыр салқын төске алдың,
Жауды көрсең шүйілдің,
Жеңсіз берен киіндің,
Көксерек
атты борбайлап,
Қамалды бұздың айқайлап,
Кәне, шыққан мүйізің?!
Қырық бес жасқа келгенде,
Қырым деген шәһәрдің
Жел жағына қаласың,
Ық жағына панасың,
Қырдан қиқу төгілсе,
Елге таман үңілсе,
Мың
кісіге бір өзің
Шошынбай жалғыз барасың
Кәне, шыққан мүйізің?!