199
мен сөйлеуді кекесіндеу дейміз. Қорқақ кісіні «батырым» деу,
қара кісіні «аппағым» деу, ақымақ кісіні «данышпаным» деу
– осылардың бәрі де кекесін сөздер. Кекесіннің түрі толып жа-
тыр, бірақ толып жатқан түрін екі топқа бөлуге болады:
1) Зілсіз кекесін (ойын, қулық, қалжың, әзіл). 2) зілді кекесін
(мазақ, сықақ, мысқыл, келемеж, келеке, әжуа).
Кекесін мысалдары:
1. Тұрсынбай датқаның балалары болыстыққа таласып, араз
болып жүргенде Бұдабай ақынның айтқаны:
Бір күнде Досан болды Алтынбекпен,
Датқаны не қыласың өтіп кеткен.
Таласып
Әлмембеттің ісін алсаң,
Бақытты келтірдің ғой қиыр шеттен.
2. Иттерге таласса да жарасады,
Өйтпесе ит әдетінен адасады.
Дос
болған адамдарға қарап тұрсаң,
Биікпен тең деп болмас аласаны.
Сүйектей арасына түссе нәрсе,
Иттерден олар артық таласады.
(«Қырық мысал»)
Төрені түйеге тіркеп қойып, «Төре неме ғой, жүрер ме екен»
деген.
«Ой, бәрекелді! Ой, сабаз-ай!» дегенде ырза болып айтса,
қостау болады, ырза болмай айтса, кекесін болады.