А. Байтурсынов 1-том final indd


дегеніміз өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішін- де бірнеше бунақ болады.  Бунақ



Pdf көрінісі
бет80/172
Дата27.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#111203
түріБағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   172
Байланысты:
Байтұрсынұлы

 
дегеніміз өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішін-
де бірнеше бунақ болады. 
Бунақ
 
дегеніміз өлеңді айтқанда 
сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы.
Мысалдар:
1. // Мен келдім // Мырзалының // ордасына, //
//Сөз айттым //қасындағы // молдасына. // 
// Әркімдер // жүйрік қазақ // дегенменен, // 
// Көңілім // тоқтамады // бармасыма. //
2. // Білімдіден // шыққан сөз // 
// Талаптыға // болсын кез. // 
//Түрін, сырын // көруге //
// Көкірегінде // болсын көз. //
 (Абай)
3. // Ашуын буған // бассын деп, // 
// Жерімді саған // тастадым. // 


220
// Олжа қылып // жатсын деп, // 
// Елімді саған // тастадым. //
 (Кенесары-Наурызбай)
4. // Бойы бұлғаң, //
// Сөзі жылмаң //
// Кімді көрсем, //мен содан // 
// Бетті бастым, // 
//Қатты састым, // 
// Тұра қаштым //жалма-жан. //
 (Абай)
Осы келтірген мысалдардағы қос сызықтың арасы
 бунақ
бо-
лады.
Бунақ ішінде бірнеше 
буын
болады. Бунақ буыны бола-
тын кәдімгі сөз буыны, мәселен, әлгі алынган мысалдардың 
аяғындағы «Тұра қаштым жалма-жан» деген екі бунақтың 
алдыңғысында төрт буын, соңғысында үш буын бар.
Бунақ араларында қос сызық тұрған жерге келетін дауыс 
толқынының жіктері 
кезек
деп аталады.
Өлең шумағы бір өлеңде біреу болуға да, бірнеше болуға да 
ықтимал. Бір өлеңнің шумағы көбінесе бірдей болады.
Бір шумақтағы тармақтың азы екеу, көбі онға шейін бара-
ды. Тармақ бір шумақта бір түрлі болуға да, әртүрлі болуға да 
ықтимал. Бірақ әртүрлі болғанда кесте ретін жоғалтпайтын 
төртібі болуға тиіс.
Бір бунақтың азы біреу, көбі төртеуден аспайды. Бір 
шумақтың ішіндегі бунақтар бірыңғай орналасу керек. Мәселен, 
үш буынды бунақ қалыптас тармақтың бірінің басында келсе, 
өзгелерінің де солай басында келуі тиіс.
Бір бунақтағы буынның азы екеу, көбі төртеу болады.
Бір тармақтың ішінде кезек болуға да, болмауға да ықтимал 
болған халде иә біреу, иә екеу, иә үшеу, онан артық болмайды.
Осылардың бәрін дұрыстап орнына келтіріп, оның үстіне 
және де тармақтардың аяғын ұйқастырса, сөйлемдер өлең бо-
лып шығады.
Жоғарғы айтылған шарттардың бәрі өлеңде қалай орын- 
далатындығын түсінуге әрқайсысына мысал келтіріп қарайық.


221


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет