36
Тілесең, қолдан келмес ісің бар ма?!
Тиісті ет қайратты күшің барда.
Сыйдиған жаман Киік өтіп кетіп,
Ұят қой тоқтағаның осы жарға.
Ақырсаң, не шыдарлық айбатыңа?!
Дұшпанның қалма мысқыл, ғайбатына
6
.
Тұрсам да
сайдың көріп тереңдігін,
Сенемін ебің менен қайратыңа!»
Желікті мына сөзге енді Арыстан,
Қарғуға жар шетіне келді Арыстан.
Жете алмай қарғығанмен ар жағына,
Түбіне жардың құлап өлді Арыстан.
Түлкі-екең
құлап өлген досын көрді,
Ақырын ойға түсіп жақын келді.
Атаусыз сүйген досын тастасын ба?!
Сол жерде кешікпей-ақ асын берді.
Өлтіріп, досын алдап, Түлкі бұзығың,
Жеп жатыр өлісімен, етін бұзып.
Бір айдай азық етіп Түлкі жатты,
Сүйегін жан досының таза мүжіп.
* * *
Досың көп тірілік пен амандықта:
Түлкідей сөз беретін жарға жықпа.
Әр
іске амандықта қайрап салып,
Мүжитін сүйегіңді жамандықта.
Кісіге таза жолдас табу қиын,
Көбін-ақ дос етеді мал мен бұйым:
Досыңнан, дұшпаныңнан бірдей сақтан,
Басыңда сірә, Ахмет, болса миың.
Ойлама,
шын достарың мол екен деп,
Сөзіне ере берме жол екен деп.
Досыңды қиын іске қайрап тұрған
Білгейсің шын дұшпаның сол екен деп.
6
Ғайбат – араб сөзі «жәбірлеу», береуге негізсіз жала жабу» деген мағынада.