Сабақ Тақырыбы: Технологиялық машиналардың элементтері мен түйіндерінің қосалқы бөлшектерінің кажетті санын есептеу



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата29.09.2023
өлшемі62,69 Kb.
#111664
түріСабақ
1   2
Байланысты:
прак 2 (pdf.io)

L
r
салыстырылатын ресурсы бар тетіктер үшін,
шығындалудың орташа нормасы мына формула бойынша толық қызмет ету мерзімі
ішінде анықталады:
H
3
.
Есептеу дәлдігін арттыру үшін жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеу
туралы ережемен жабдықты пайдалану шарттарына, жаңартылуына және оның
жұмысының ұйымдастырылуына, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қосалқы
бөлшектердің шығынын түзету коэффициенттері көзделген.


Жөндеу кезінде қосалқы бөлшектер мен материалдармен қамтамасыз ету жоспары:
1. Жөндеуде жабдықтың бос тұру уақыты.
2. Қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдар санын есептеу.
1) Жөндеуде жабдықтың бос тұру уақыты жөндеу түрінен, күрделілік
категориясынан, жұмысшы бригаданың сапасы мен санынан, жөндеу технологиясынан
және ұйымдастыру-техникалық шарттарынан байланысты болады.
Жөндеуде жабдықтың бос тұру уақытын азайту мақсатында бас механик бөлімшесі
цехтағы механиктермен бірге мынадай ұйымдастыру-техникалық шаралар өткізеді: 
- жеке түйіндер мен бөлшектерді жөндеу және жасауға қажетті құжаттамамен,
сызбалармен және техникалық шарттармен және де қосалқы бөлшектер мен
материалдармен қамтамасыз ету; 
- жұмысшы бригаданы ұйымдастыру; 
- жұмысшы орны мен алаңды дайындау; 
- қажетті аспаптармен, көтергіш-тасымалдағыш механизмдермен жабдықтау.
Технологиялық жабдықты бір бригада күрделі жұмыстарды механикаландыруды
және жөндеудің түйінді әдісін қолдану арқылы бір немесе екі (ал кей-кезде үш) сменада
жөндейді. Агрегаттың электрлік және сантехникалық бөлігін механикалық бөлігімен бірге
жөндеуге тырысады.
Жөндеуде жабдықтың бос тұру уақытын жабдықтың сынғаннан бастап акт
бойынша жөндеуге қабылдау кезге дейін есептейді. Жабдықты жөндеу узақтығын
төмендегі формула бойынша анықтайды
мұндағы
А 
— жабдықты жөндеу узақтығы, смена; 
Т
р
 
— жөндеудің еңбек сыйымдылығынын нормасы, адам.-сағ;
R
– берілген агрегаттың жөндеу күрделігінің категориясы;
К
н
 
— уақыт нормасын орындау коэффициенті (
К
н
= 1);
В 
— бір сменадағы жұмысшылар саны;
Т
с
 
— смена ұзақтылығы, ч;
С 
— берілген агрегатты жөндеуде жұмыстардың смена бойынша өзгеруі.
2) Кәсіпорындағы жабдықтың жоспарлы-сақтық жөндеуді жүргізудің негізгі
шарттардың бірі қосалқы бөлшектермен уақытында қамтамасыз ету болып табылады.
Қосалқы бөлшектер номенклатурасына кезек бойынша мыналар жатады: 
- бір жылға дейін жұмыс істеу мерзімі бар жылдам тозатын бөлшектер; 
- бір жылдан екі жылға дейін жұмыс істеу мерзімі бар баяу тозатын бөлшектер; 
-екі жылдан артық жұмыс істейтін және көп мөлшерде қолданатын бөлшектер;
- жұмыс істеу мерзіміне байланысты емес барлық тозатын бөлшектер. 
Әрбір жабдыққа бұл бөлшектердің қажетті номенклатурасын техникалық
құжаттаманың, пайдалану және жөндеу тәжірибесінің негізінде жасап, оның
құжаттамасына еңгізеді.
Қосалқы бөлшектерді қоймада сақтайды және олардың саны жабдықты техникалық
күту мен жөндеу бойынша жұмыстар түрін қамтамасыз етіп нормативтен аспайды. Бірақ
та қоймада көп уақыт тасымалданбайтын бөлшектер болмау қажет.
Бас механик бөлімшесі қосалқы бөлшектердің экономикалық тиімді нормаларын
қабылдайды. Бұл нормаларын есептеу үшін бөлшектердің жұмыс істеу мерзімін немесе
шығындау нормасын білу қажет. Бөлшектердің жұмыс істеу мерзімі тәжірибе жолымен
алынған нәтижелер немесе статистикалық нәтижелер арқылы қабылданады. Қосалқы
бөлшектердің санын анықтағанда олардың жасау мерзімін есепке алады.
Қосалқы бөлшектердің бекітілмеген шығын нормасы болмаған кезде қәсіпорынның
қоймасында сақталатын жабдықтар саны төмендегі формуламен табылады


Н = n т·П·К/Т
д
,
мұндағы
Н
- қоймада сақталатын бір аттағы бөлшектердің саны (сақтау нормасы); 
п
- жабдықтағы біріңғай бөлшектердің саны; 
m -
біріңғай жабдықтың саны; 
П -
зауыттан келетін бөлшектердің берілу мерзімі, ай (
П
=3-6 ай); 
К -
төмендету коэффициенті; 
Т
д
 -
бөлшектердің жұмыс істеу мерзімі, ай.
Норма тізімінде көрсетілген жабдықтар үшін қосалқы бөлшектердің санын мына
формуламен анықтауға болады
Н= т·П·К·Н
г
/12
,
мұндағы 
Н
г
 
— қосалқы бөлшектің жылдық шығын нормасы.
ВНИИМП-пен ет өнеркәсісібінің кәсіпорындарындың жөндеу-пайдалану
жұмыстардағы материалдардың объективті шығын нормасы жасалған. Бұл нормалар
негізгі материалдардың жылдық қажеттілігін есептеуге арналған. Уақыт нормаларының
негізі жөндеу жұмыстары бойынша статистикалық нәтижелер мен есептеу типтік
әдістемесі болып табылады.
Топтар бойынша ауыстырылатын бөлшектердің ауысу мерзімі мен жөндеу
циклдын құрылымын еске алып жөндеу түрі мен барлық жөндеу циклы бойынша
материалдардың шығының анықтауға болады.
Материалдардың қажетті санының жалпы массасын бөлшектерді жөндеуде
ауыстырылатын бөлшектер үшін дайындама массасы бойынша анықтайды. Дайындама
массасы өндеуге берілген припусктар мен қолданатын материалдардың меңшікті
массасын есепке алып анықтайды.
Жөндеуге қажетті материалдардың жылдық объективті шығын нормасын жөндеу
циклдағы бір жабдықты жөндеуге қажетті материал шығынын жөндеу циклдың
ұзақтылығына бөлу арқылы анықтайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Жөндеуде жабдықтың бос тұру уақытын азайту мақсатында бас механик
бөлімшесі цехтағы механиктермен бірге қандай ұйымдастыру-техникалық шаралар
өткізеді? 
2. Жабдықты жөндеу узақтығын қандай формула бойынша анықтайды? 
3. Қосалқы бөлшектердің бекітілмеген шығын нормасы болмаған кезде
қәсіпорынның қоймасында сақталатын жабдықтар саны қандай формуламен табылады? 
4. Норма тізімінде көрсетілген жабдықтар үшін қосалқы бөлшектердің санын
қандай формуламен анықтауға болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет