Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге



Pdf көрінісі
бет267/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

 
10)
бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге 
асыратын ұйымдар – 
бұл ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, 
балаларды әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-
әлеуметтік, 
әлеуметтік-педагогикалық, 
психологиялық-педагогикалық, 
құқықтық қызмет көрсетулер мен материалдық көмек көрсетуді, өмірдегі қиын 
ахуалға тап болған балаларды әлеуметтік оңалтуды, мұндай балалар еңбекке 
қабілетті жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді 
жүзеге асыратын ұйымдар.
 
11)
мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар – 
мемлекет 
белгілеген әлеуметтік қызмет көрсетулерді, нормалар мен нормативтерді 
қамтитын, балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштер;
 
12)
өмірде қиын ахуалға тап болған балалар – 
қалыптасқан
мән-жайлардың салдарынан тіршілік етуі бұзылған және бұл мән-жайларды өз 
бетімен немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар.
 
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді – Қазақстан Республикасының 
2005.04.13. 
№40 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен. 
 
2-бап. Осы Заңның қолданылуы 
1.
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен 
азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. 
2.
Осы Заңның бала құқықтары мен міндеттерін белгілейтін нормаларының 
күші кәмелетке толғанға дейін Қазақстан Республикасының заң актілеріне 
сәйкес азаматтық әрекет қабілеттілігін толық көлемінде алған балаларға 
қолданылмайды (
РҚАО-ның ескертуі: қараңыз. 
ҚР АК (
17-баптың
2-тармағы
). 
3-бап. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы 
заңдары 
1.
Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары 
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен 


349
Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де 
нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 
2.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы 
Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттағы оны қолдану 
үшін Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етілетін жағдайларды 
қоспағанда, халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет