САНА
ЖӘНЕ
БЕЙСАНА
Дүниедегі ең ғажап, керемет құбылыс адамның рухани дүниесі, сана, акыл -
ой.Адамзат игілігіндегі барлық материалдық жəне рухани жетістіктер зəулім
құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін əдебиет, философия,
ғылым осылардың бəрі сол сананың құдіреті.Обьективтік дүниеде сананың
баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тəн. Сондықтан шашанда сананы
болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді
біреулер бұл пікірді мойындамаған. Адам бойында атадан балаға көшетін
кейбір нəсілдік бейімділік қабілетте болады. Онын дамуы да түрлі
жағдайларға байланысты. Бірақ сана іштен туған қасиет емес. Ол атадан
балаға көшетін қабілет те емес. Сана адам миына байланысты пайда
болады,ал ми оның мекені. Сана - адам миы қызметінің нəтижесі. Бірақ ми
түрлі жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте
күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзак уакыт дамуының нəтижесі.
Бейсана
(ағылш.
unconscious
) — саналы адам мінез-құлқындағы
сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы
əрекет жасау. Бейсаналық адам мен жануарлар арасындағы
ұксастықты, туыстықты аңғартады.Бейсана - санасыз акт адамның жан
дүниесінде санадан тыс атқарлатын əрекет. Бейсана əрекетке адам
мəн бере қоймайды. Бейсана субъект өзіне əсер бар екенін есеп бере
алмайтын шынайы құбыстың ықпалымен болатын психикалық
үрдістер актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық
бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы
бейнесаны ырықты бақылау жəне ондай əрекеттерде бағалау мүмкін
емес. Бейсаналықта өткен қазіргі жəне болашақ жай бірігіп бір
психикалық актінде іске асады (мысалы түс көруде). Бейнесалық
балада ертеректе болатын (таным əрекетінде) ойлауында
интуициясында аффектісінде үрейленгенде түстерінде гипноздық
жағдайда көрініс береді. Бейсаналы құбылыстарды психоанализ
бағытымен түсіндіруге əрекеттеніп З.Фрейд "бейсаналықты
динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол бейсаналықта
əлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған
əуесқойылық пен құштарлықтар болады деп түсінген.
|