Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет63/126
Дата30.09.2023
өлшемі3,31 Mb.
#111935
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   126
Байланысты:
httprmebrk.kzbilimassociationjusipova-pedagogikalyk-sheber.pdf 2

Рефлексияның мәні
– адам өзінің білімін, білімнің негізін, 
оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Рефлексияны ойлау, ес, сана 
сияқты танымдық үрдістер адам табиғатына тән болғандықтан 
олардан бөліп қарауға болмайды.
Мұғалімнің 
шығармашылық 
әлеуетінің 
дамуы 
үшін 
оның әдіснамалық рефлексия жасай алуының мәні зор. Бұл – 
мақсаткерлікті талдай алудан басталады. Өзінің нақты жағдайы 
мен болашағының бағытын саралай, аралық мақсаттарды анықтай 
алумен сипатталады.


185
1. Шығармашыл мұғалім – зиялы тұлға. Оның сыртқы 
келбеті ұқыптылық пен жарасымдылық, педагогикалық әдебі 
жоғарылығымен, басқаны түсіне білетіндігімен сипатталады. 
Прогрессивті алдыңғы қатарлы ойларды уағыздаушы, сыни 
ойлау деңгейі жоғары, өзгенің ойын, өзгенің пікірін, құрметтей 
біледі әрі ұстамды болады. Өз білімін тұрақты көтеріп отырумен 
жүйелі айналысады, өз жұмысына рефлексия жасауға қабілеті. 
Эрудициясы, жалпы мәдениеті жоғары, эстетикалық талғам және 
көркемдік мәдениеті жинақталған. Ол саясаттағы, ғылымдағы, 
өнердегі барлық жаңалық пен озық ойларға қызығушылық танытып 
отырады. Зиялы тұлға ретінде өз бойына адамзат мәдениетіндегі ең 
жақсы үлгілерді жинақтайды.
2. Шығармашыл мұғалім – рухани бай тұлға. Оның 
рухани байлығы алдымен балаға деген махаббатында, жоғары 
адамгершілігінде және арлылығы мен ұяттылығында байқалады. 
Өмірдің мәнін және мақсатын түсінуге, өзінің кісіби орынын 
анықтауға ұмтылыста оның руханилығы көрінеді. Ол әлемдегі және 
адами қарым-қатынастағы сұлулықты өте жоғары сезінгендіктен, 
онда эмпатия және талдай алушылық жоғары дамыған. Өсіп келе 
жатқан баланың ішкі жан-дүниесінің байлылығын түсінуге үнемі 
тырысатындығы оның өзін де планетарлық ойлауды дамытуына 
негіз болады.
3. Шығармашыл мұғалім - жаңашыл тұлға. Ол бірсарындылық 
пен біртүрлілікті қабылдамайды, сондықтан жаңалыққа жаны 
құмар. Шығармашылыққа деген мотивтері жоғары болғандықтан 
ойлап табу, тудыру, жасап көру – оның күнделікті кәсіби жағдайы.
4. Шығармашыл мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі 
өмірдегі, кәсіби әрекеттегі мәдени әлемдегі өз орнын анықтай 
алу қабілетінде жатыр. Оның ойлау, пайымдау және әрекеттену 
еркіндігі жеке кәсіби жауапкершілікті сезінумен сәтті байланысады. 
Рухани және материалдық құндылықтар әлемінде еркін бағдарлай 
алады, педагогикалық, пендешілік догмалардан еркін. Ол өз ісіне 
өте жауапты, кейде тіпті тәуекелді талап ететін шешімдерді өз 
мойынына алады. Өзінің өмірлік позициясы, ұстанымы бар.
5. Шығармашыл мұғалім – ізгілікті тұлға. Оның ізгіліктілігі 
қайрымдылылығы, барлық тіршілік иелеріне, ең алдымен балаларға 
деген сүйіспеншілігінен байқалады. Ол кез келген уақытта өз 
оқушыларына, жалпы балаларға көмекке келуге әзір. Өзгеше 


186
ойлайтын адамдарды құрметтейді, өз көзқарасына сәйкес келмесе 
де ол адамдардың қалыптан тыс ойларын түсінуге деген төзімділігі 
шексіз. Әртүрлі ұлт, дін, мәдениет өкілдеріне бірдей сыйластықпен 
қарайды. Оның тек оқушылармен ғана емес, ата-аналармен, 
әріптестерімен ынтымақтаса алу қабілеті зор.
6. Шығармашыл мұғалім – азаматтық белсенді тұлға. Ол 
айналасында (ауылында, қаласында, елінде) болып жатқан 
жағдайларға бей-жай қарамайды, ол жағдайларға үнемі өзінің 
қатысын білдіріп отырады. Қоғамдық өмірдегі өзінің азаматтық 
рөлін дұрыс түсінетін, саяси сауаттылығы жоғары маман. 
Оқушыларын да өмірдегі өзгерістерге сын көзбен қарап, объективті 
бағасын беруге кемшіліктерге төзімді болып, түзету үшін үлестерін 
қосуға тәрбиелейді.
7. Шығармашыл мұғалім – бәсекеге төтеп беретін тұлға. Жаңа 
заманға сәйкес педагогикалық қызмет көрсету аясы кеңейген 
уақытта шығармашыл мұғалім өзінің шеберлігін үнемі арттырып 
отырады, өзінің жетістіктері мен кемшіліктері жайлы өзіндік 
бағасы бар. Әлсіз тұстарын жетілдіру үшін озық тәжірибені 
шығармашылықпен қолдану, педагогикалық жаңалықтар кешенінен 
қалмауды басты назарда ұстайды. Жаңа технологияларды меңгеру, 
қолдану арқылы өз ісінің нәтижелі болуына талпынады.
8. Шығармашыл мұғалім – мәдениет адамы. Ол белгілі 
әлеуметтік мәдени ортада өмір сүріп, еңбек етіп жатқандықтан, 
сол ортаның өнерін тұрмыс салтын, мәдениетін бойына сіңірумен 
қатар оны құрметтеп басшылыққа алады. Өзінің жалпы мәдениетін 
көтеру оның айнымас өмірлік қағидаларының бірі.
Шығармашыл тұлғаның ерекше қасиеттерінің қатарына 
педагогикалық импровизацияны жатқызамыз. 
Педагогикалық 
импровизацияны
(суырып салмалық деуге де болады деп ойлаймыз) 
А. К. Маркова «күтпеген педагогикалық шешімдерді тауып, оны 
жүзеге асыра білу» деп түсіндіріп, оның төрт кезеңнен тұратынын 
атап көрсетеді: 1) педагогикалық ойдың жарқ етуі; 2) педагогикалық 
мақсаттың мәнін бір сәтте ұғынып, оны жүзеге асырудың жолдарын 
жылдам таңдай алу; 3) педагогикалық идеяны жұртшылық алдында 
нақтылы түрде көрсете алу; 4) ой қорытып көрсеткен педагогикалық 
идеяны тез арада талдай білу;
Жаңалық ашу өздігінен келе салмайды, оған алдын ала жасаған 
қажырлы еңбек құлшындырады десек, дәл сол сәтті шабытты шақ деп 


187
сипаттауға болады. Шабыт – адамның рухани күштерінің ширығып 
өрлеуі, шығармашылық толғанысы. Шабыт жаңа туындының пайда 
болуына бастайды.
Педагогикалық шығармашылықтың орын алуына септігін 
тигізетін тағы бір мәселе – мұғалімнің әртістік қасиеті. Мектеп, 
әрине, театр емес. Дегенмен мұғалім үнемі халық алдында тұратын 
танымал адам. Олай болса ол аудиторияны меңгере алуы, иландыра 
білуі, шабыттандыра алуы тиіс. Әртістік қасиет – педагогтың 
«образға ене алуы», сыртқы келбетінің тартымдылығы, тілінің 
түсініктілігі, көркемдігі, жатықтығы, мимикасы мен қимыл 
қозғалысының айтылып жатқанға сәйкестігі. Әртістік – образдармен 
ойлай алу, ашықтық, жағдайға терең эмоцианалдық шому, ішкі және 
сыртқы мәдениет, өзіне тарта алушылық.
Ғылыми әдебиеттерде шығармашылықтың төмендегідей түрлері 
анықталған: 1) материалдық-техникалық; 2) рухани-теориялық;
3) әлеуметтік-ұйымдастырушылық; 4) педагогикалық; 5) көркем 
шығармашылық және т.б.
М. М. Поташник мұғалімнің шығармашылығы мына жағдайларда 
көрінеді деп есептейді:
1. Мәселені шешудегі тапқырлықта;
2. Жаңа формалар әдістер, тәсілдер, технологиялар жасап, 
оларды тиімді қолдана алуда;
3. Белгілі тәжірибені жаңа жағдайда тиімді пайдалана алуда;
4. Жаңа міндеттерге сәйкес белгіліні жетілдіре, өзгерте алуда;
5. Жоғары интиуциямен нақты есеп негізіндегі сәтті 
импровизацияда;
6. Бір мәселені шеше алудың бірнеше жолдарын көре алуда;
7. Нақты педагогикалық іске әдістемелік нұсқаулар мен 
теориялық ережелерді трансформация жасай алуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет