Бұлшық еттердің жасқа және өмір салтына байланысты өзгеруі
Бұлшық еттердегі өзгерістер өмір салтына да, мысалы
физикалық
жүктеме
көлеміне
байланысты
өтеді.
Жаттықтыру арқылы бұлшық етке түсетін жүктеме көлемін
өсірген жағдайда, бұлшық ет талшықтарының диаметрі
үлкейіп, саны да өседі. Нәтижесінде бұлшық еттің массасы
ұлгаяды. Бұл өзгерістердің негізінде саркоплазма
компоненттерінің
митохондрияларының
көбеюі,
миофибрилдерінің саны мен диаметрі өсуі және де
миосателитоциттердің
пролиферациясы,
дифференциялануы жатады. Гипокинезия (аз қимылдау)
салдарынан бұлшық ет талшықтарының диаметрі
төмендейді,
жиырылғыш,
тіректік
аппараттарының
құрылымдық ұйымы бұзылады, нәтижесінде бұлшық еттің
массасы да азаяды (атрофия)
Бұлшық ет тіндері - барлық түрлеріне ортақ жиырылғыштық қасиеті, яғни құрылымдық
элементтерінің пішінін өзгерту (қысқарту) қабілеті бойынша біріктірілген, бірақ шығу тегі мен
құрылысы және жиырылу сипаты әр түрлі тіндер тобы.
Жиырылғыштық қасиеті арқасында бұлшық ет тіндері өздерінің басты функциясын - қозгалысты
қамтамасыз етеді. Олар қаңқаның иінтіректерін қозғалтып, дененің кеңістіктегі орнын
ауыстырады, миокардтың ритмикалық (ырғақты) жиырылуын, тамырларда қанның
циркуляциясын (айналысын), ішектің перистальтикасын (толқи жиырылуын), сфинктерлердің
жұмысын, тамырлардың және ішкі қуысты мүшелердің тонусын (қуаттылығын) қамтамасыз етеді
ҚОРЫТЫНДЫ
Ажаев “Гистология”
Аяпова “Гистология”
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ;)
Достарыңызбен бөлісу: |