Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет131/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary


Газды көпіршікті тəсіл 
жылулық және 
инжектірленген 
көпіршіктер тəсілі (Bubble-Jet),
немесе баспаның көпіршікті 
технологиясы деп аталады, олар 7.3-суретте бейнеленген. 
 
 
 
7.2.-сурет. Пьезоэлементті бүріккіш принтердің жұмыс істеу принципі 
247 


7.3.-сурет. Баспаның көпіршікті технологиясын (Bubble-Jet) пайдаланумен сияны 
баспаның принципі 
Принтердің басып шығарушы бастиектің əрбір тұмсықшасы жұқа 
қабыршақты резистордың түрінде қыздырғыш элементімен 
жабдықталған. Ол арқылы өткізу кезінде 7 ... 10 мкс-та жоғары 
температураға дейін қызады. Сияны буландыруға қажетті 
температура, мысалы 
Hewlett-Packard фирмасының принтері, 
шамамен 330 °С –ге дейін жетеді. Өткір қызу кезінде туындайтын 
булы сия көпіршігі (
Bubble 
) тұмсықшаның шығыс тесігі арқылы 
қажетті 0,16 мм кем емес диаметрлі сұйық сияны шығаруға 
ұмтылады. Тоқты өшірген кезде жұқа қабыршақты резистор тез 
суиды, булы көпіршіктің көлемі кішірейеді, бұл келесі жаңа порция 
сияны қабылдайтын тұмсықшаны сұйылтуға алып келеді. 
Баспаның көпіршікті технологияларын пайдаланумен сияны 
баспаның реттілігі 7.3.-суретте көрсетілген. Осы технологиялар 
Canon, Hewlett-Packard фирмалары пайдаланады. Газды көпіршіктер 
тəсілін 
іске 
асыратын 
принтерлерді 
баспа 
тетігінде 
пьезоэлектрикалық технологияларды пайдалануға қарағанда, 
конструктивті элементтері аз болады. Осындай принтерлердің 
беріктігі мен ресурстары жоғары болып келеді. Сонымен қатар, 
көпіршікті 
технологияларды 
пайдаланумен 
басып 
шығару 
қабілетінің ажыратымдылығын жоғарылатуына мүмкіндік береді. 
248 


Баспа тетігі газды көпіршіктер тəсіліне негізделген бүріккіш 
принтерлерді қолдану жартылай түсті графикалық кескінсіз 
кестелер, гистограмма жəне басқа да графикалық ақпараттарды 
басып шығаруға қажет кезінде мақсатқа сай болады. Аса сапалы 
баспа жасау үшін 
Drop-on-Demand тәсілді 
бүріккіш принтерлерін 
таңдаған жөн. 
Hewlett-Packard фирмасымен өндірілген Drop-on-Demand тəсілі, 
қағазға резервуардан сияны тарату үшін қыздыру элементімен 
газды көпіршіктер тəсіліне сəйкес пайдаланылады. Алайда, Drop- 
on-Demand тəсілінде сияны қосымша тарату үшін мынадай 
физикалық құбылыстар негізінде іске асырылған арнайы тетік 
қолданылған. 
Әдеттегідей, сұйық фаза бөлшектерінде сфераны қолдайтын 
үстіңгі керіліс болады. Оқталған бөлшектерде сияның үстіңгі 
керілісі төмендейді, бұл бөлшектердің ұсақталып бөлінуіне алып 
келеді. Бөлшектердің құрамы жаңқалану болып келеді, сияның ұсақ 
дисперстік бөлшектерін алу үшін пайдаланады, олар тұмсықшаның 
шығу тесігіне түседі де электрикалық сигналдармен басқарылады. 
Drop-on-Demand тəсілі сияны тез-тез баспаны қамтамасыз етеді, 
бұл баспаның сапасы мен жылдамдығын арттырады. Осы жағдайда 
түсті кескінді шығару ұсынылмайды. Осы технологияда сия 
бөлшектермен басқару оларды электр тоғымен реттеу жолымен 
тұрақты 
ауытқу 
алаңы 
кезінде 
жүргізіледі. 
Сондықтан, 
тұмсықшадан шыққан əрбір бөлшек электр зарядының түрлі 
шамасында «өзінің» ақпаратын алады. Бұл жоғары жылдамдық пен 
баспаның сапасын қамтамасыз етеді. 
Түсті баспада қазіргі уақытта бүріккіш технологияларды көбірек 
қолданады. Баспада бастиек түсті болуы мүмкін жəне оның 
тұмсықшасында тиісті саны болуы керек. Толық түсті суретті құру 
үшін түсті схемасы полиграфия үшін стандартты CMYK 
пайдаланады. Осы схемаға сəйкес түсті сурет үш негізгі бояуларды 
бір бірінің үстіне қоюмен баспаны шығаруды қалыптастырады.: 
жасыл-көк 
(Cyan), 
қызылкүрең 
(Magenta) және сары (Yellow). 
Теориялы түрде осы жиналған түстер қара түс беретіні анық, алайда 
тəжірибеде көп жағдайда сұр немесе қоңыр болады. Сондықтан 
негізгі түстердің төртіншісіне жетекші түс 
Key
— қара 
(Black) 
қосылады. 
Осындай түсті модельді CMYK 
(Cyan-Magenta-Yellow-Key) 
деп атайды

Түрлі түстердің реңдері суреттер бөлігіне тиісті 
түстердің сұйылту мен қойылту жолымен алынуы мүмкін (ұқсас 
тəсіл монохромды суреттерді шығару кезінде сұр түсті əртүрлі 
реңдерді алу үшін пайдаланады). 
249 


Бүріккіш түсті баспалардың сапасы типографияда жасалған толық 
түсті плакаттан айыра алу мүмкін емес. 
Бүріккіш принтердің бастиегімен басқарылатын қозғалтқыштан 
шығатын шудың деңгейі матрицалық принтерге қарағанда 
төменірек. Тұмсықша саны көп бүріккіш принтерлерді модельдер 
үшін баспа сапасы лазерлі принтер баспа сапасынан кем емес. 
Бүріккіш принтерлердің сия тамшысының минималды көлемі 
шамамен 1 ... 1,5-ден 4 ... 5-ке дейін пиколитр, ал кейбір принтер 
модельдері 1 пиколитрдан асып кетеді (
жу а н 
дығы бойынша 
адамның шашының бірден он бөлігін құрайды, яғни шамамен 1/100 
мм). 
Бүріккіш принтердің негізгі кемшілігі тұмсықша ішінде сияның 
қатуы болып табылады. Осы жағдайда, басатын бастиекті ауыстыру 
қажет. Бүріккіш принтердің көптеген моделдерінде парковка 
режимі бар. Бұл ретте баспашы бастиегі принтер ішінде бастапқы 
орнына қайтады, сонымен сияның қатуынан сақтайды. Кейбір 
бүріккіш 
принтерлерде 
тұмсықшаны 
тазалайтын 
арнайы 
құрылғылары бар. 
ДК бүріккіш компьютерді қосуды USB порты арқылы жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет