Басқасы бөлек резервуарын пайдалануды қарастырады, ол капилляр
арқылы бастиекке сияны бөліп отырады.
Бүріккіш принтер негізінде сияны баспаның мынадай
тəсілдерімен қолданады: пьезоэлектрикалық, газды көпіршіктер мен
«Drop-on-Demand»
тəсілі
.
Пьезоэлектрикалық тәсіл кері
пьезоəсерді пайдаланумен
тұмсықшаны
басқаруға
негізделген.
Өздеріңізге
белгілі,
пьезокристалл электр алаңының əсерімен деформацияланады.
Осы тəсілді іске асыру үшін əрбір тұмсықшаға диафрагмаға
байланысқан жалпақ пьезокристалл орнатылған. Баспа кезінде
тұмсықшадағы пьезоэлемент тұмсықшаны бір босатып (7.2, а-
сурет), бір қысып (7.2,
б-
сурет) оны сиямен толтырады. Кері
сығылған сия қайтадан резервуарға ағып өтеді, ал тұмсықшадан
тамшы сияқты шыққан сиялар қағазда нүкте қалдырады. Осыған
ұқсас құрылғылар негізінде Epson, Brother компанияларымен
шығарылады.
Бүріккіш принтер бұрыннан бері танымал болғанымен, оны
пайдалану ұзаққа созылмады, оның бүріккіш технологиясы басқа
принтерлерді ойлап табуға негіз болды. Алғашқы жəне негізгі
патент Canon компаниясына берілген. Hewlett-Packard осы салада
бірқатар патенттерге ие, ол
ThinkJet
көпіршікті технологияны
пайдаланумен, 1985 жылы алғашқы бүріккіш принтерді шығарды.
Лицензияны алмасу жолымен осы екі компания бəсекелестерге жол
бермеді – қазір еуропалық нарықтағы бүріккіш принтерлердің 90
%
осы екі компанияға берілген
Достарыңызбен бөлісу: