Тал топологиясы (tree)
(8.5, г-сурет) бірнеше жұлдыздардың
комбинациясынан жиналған. Бұл ретте, жұлдыздағыдай, тал белсенді
немесе бейтарап болуы мүмкін. Белсенді тал кезінде орталықта
бірнеше байланыс сызбалары біріктірілген, олар орталық компьютерде,
ал бейтарап кезде – концентраторларда (хабтар) орнатылады.
Hub,
немесе
концентратор,
жеке жұмыс орындарын жергілікті желі
құрамында жұмыс тобына біріктіру үшін арналған. Концентратор
автосегментациясымен желіні көппортты қайталаушы ретінде
көрсетілген. Концентратордың барлық порттары теңқұқықты. Оған
қосылған бір стансаның сигналын алғаннан кейін, концентратор оны
өзінің барлық белсенді порттарына жібереді. Бұл ретте, қандай да бер
портта бұзылғандық байқалса, ол порт автоматты сөндіріледі
(сигменттеледі), ал оны жойғаннан кейін белсенді етіледі.
Концентраторларды автономды құрылғылар ретінде пайдалануға
немесе бір-бірімен қосуға болады, сонымен желі өлшемін көбейтеді
жəне аса күрделі топологияларды құрайды. Сонымен қатар, оларды
магистральді кабельмен шиналы топологияға қосуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: