Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет150/193
Дата02.10.2023
өлшемі7,08 Mb.
#112414
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   193
Байланысты:
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Желілі бағдарламалық құралдары 
олар желіні бағдарламалық 
қамтамасыз ету жəне деректер ағынын басқару үшін қызмет етеді. Осы 
тапсырманы шешуді қамтамасыз ететін көптеген жүйелер бар. 
Желілі аппараттық құралдары 
жергілікті желі кабеліне 
компьютерді қосу үшін желілі адаптерлерді қосады, «жұлдыз» 
топологиясын пайдалану кезде компьютерлерді қосу үшін жалғағыш, 
кабельдің өзі, мүмкін құрылғы. Желілі жабдықтардың құрамы 
топологиялық желігеге тəуелді. 
Желі құрамына кіретін, əрбір компьютер үшін желелі адаптер 
қажет. 
Ресейде 
Ethernet 
стандартты жергілікті желі кең таралған, оның 
алғашқы нұсқасы 
Xerox фирмасымен 1970 жылдың ортасында 
əзірленген болатын. 
Ethernet 
желіде 
шиналы топологияны пайдаланады жəне желінің 
бір нүктесі ғана емес, барлық ДК теңқұқылы болып табылады. 
Ethernet 
желісінің басты ерекшелігі шинаға қол жетімді тəсілі – бақылаумен 
көптеген қол жетімділіктер жəне шиеленісті анықтау 
(CSMA/CD). 
Барлық түйіндер жалпы кабельге қосылған жəне одан адреске 
таратылан ақпаратты «тыңдап» отырады. Тарату тек канал бос кезде 
ғана жүзеге асырылады. Осылайша, шинаға қол жетімділік бəсекелес 
режимінде жүзеге асырылады. Қағидаша, деректерді Ethernet желі 
арқылы тарату жылдамдығы 10 Мбит/с дейін жетеді, бұл көптеген 
қосымшалар үшін жеткілікті. Байланыстыратын қабельге қосылатын 
кабельдің максималды ұзындығы жəне жұмыс стансалардың 
максималды саны сияқты сипаттамалары өзгереді. 
285 


Ethernet 
аппараттық құралдарының құрамы əртүрлі типті 
кабельдерге желі үшін ажыратылады. 
Жуан 
коаксиальді кабелдегі Ethernet 
50 Ом толқынды 
қарсылығымен 0,4 дюйм диаметрмен «сары кабель» деп аталады. 
Жуан 
коаксиальді кабель негізіндегі екі сигменттен, 
əрбірінде үш жұмыс стансасынан тұратын 
Ethernet жергілікті 
желінің конфигурациясы 8.6, 
а-
суретінде бейнеленген

Әрбір жұмыс стансасы арнайы көпжелілі экрандалған 
трансиверлі кабелі бар желі адаптер (компьютердің аналық 
тақшасына орнатылған жəне суретте көрсетілген) арқылы 
құрылғыға қосылады, ол трансиверлі деп аталады. 
Трансивер 
 
 
 
8.6.-сурет. Ethernet желісі: 
а 
— 
жуан 
коаксиальді кабельде; 
б 
— жіңішке коаксильді кабельде 
286 


жуан 
коаксиальді кабельге жұмыс стансасын қосу үшін қажет. 
Трансивер корпусында үш жалғағыш бар: екеуі - 
жуан 
коаксиальді 
кабельге қосылу үшін, жəні бірі – трансиверді кабельді қосу ға 
арналған. 
Бір сегменттің ұзындығы шектеулі жəне 
жуан 
кабель үшін 
500 м. артық бола алмайды. Егер желінің жалпы ұзындығы үлкен 
болса, арнайы құрылғы арқылы бір бірімен қосылған сегментке 
бөлу қажет – репитер – байланыс каналдарын қайталаушы жəне 
күшейтуші. Бұл ретте желінің жалпы ұзындығы бір километрге 
дейін жетуі мүмкін. 
Трансиверлер өзара коаксиальді ажыратқыштарының ұшына 
дəнекерленген 
жуан 
коаксиальді кабельге кескінделіп қосылады. 
Сигмент ұшына арнайы бітеуіштер - терминаторлар жалғанады, 
оның корпусында резистор орнатылған. 
Бір терминатордың корпусы жерге тұйықталуы керек. 
Желінің əрбір сигментінде тек бір ғана терминаторды тұйықтау 
керектігін атап өтеміз. 
Сегменттің 
максималды 
ұзындығынан 
басқа, 
жуан 
коаксиальді кабельге Ethernet желінің параметрлері 
бойынша шектеулер бар, оған сəйкес максималды мəні: желі 
сигментінің саны – 5, желі ұзындығы – 2,5 км.; бір сигментке 
қосылған стансалар саны (егер желіде репиттер болса, олар станса 
ретінде саналады) – 100; трансиверлі кабель ұзындығы – 50м. артық 
болмауы керек. 
Бірақ, көп жағдайда осы шектеулер мəнсəз, 
ал 
жуан 
коаксиальді кабельдегі Ethernet мүмкіндіктері артықтау 
болып келеді. Жіңішке коаксиальді кабельдегі 
Ethernet 
үнемді, 
өйткені бұл жағдайда трансиверлерді, не трансиверлі кабельді талап 
етпейді, ал жіңішке коаксиль жуанына қарағанда арзан тұрады. 
Жіңішке 
коаксиальді кабелдегі Ethernet 
50 Ом толқынды 
қарсылығымен 0,2 дюйм диаметрмен 
RG-58A/U кабелін, немесе 
отандық РК-50 пайдаланады. Жіңішке 
коаксиальді кабелдегі 
(8.6, б- 
сурет) 
Ethernet жергілікті желі конфигурациясы жуанға қарағанда 
əлдеқайда жеңіл. 
Қағидатты тұрде барлық желілі адаптерлер екі ажыратқышы 
болады. Оның бірі көпжелі трансиверлі кабельге қосылуға, ал 
екіншісі 
Т-коннектор деп аталатын шағын үшайырға қосылуға 
арналған. 
Т-коннектор 
бір жағынан желі адаптерге, ал қалған екі 
жағынан 
жіңішке 
коаксиальді кабелдің кесіндісі ұштарындағы 
тиісті ажыратқыштарына қосылады. 
287 


Бұл ретте коаксиальді кабель желі адаптеріне тікелей қосылатынын 
көреміз, сондықтан трансикер мен трансиверлі кабель қажет емес. 
Сигмент ұштарында терминаторлар бар, олар Т-коннекторлардың 
бос ұшына жалғасады. Сегменттің бір терминаторы ғана жерге 
тұйықталуы керек. 
Жіңішке кабельді желі жуан кабелді негізіндегі желімен 
салыстырғанда параметрлері нашарлау жəне параметрлердің 
максималды мəні бойынша мынадай шектеулермен сипатталады: 
сигмент ұзындығы – 185, сигмент саны – 5; желі ұзындығы – 925
м.; бір сигментке қосылған стансалар саны – 30. Кейбір фирмалар 
сегмент ұзындығы 300 м-ге дейін ұзындықта жұмыс істеуге 
қабілетті Ethernet адаптерлерін шығарады. Бірақ осындай 
адаптерлер қымбат тұрады жəне осы желіні қолданған кезде барлық 
желі бір типті адаптерлерді пайдаланумен жасалуы тиіс. 
Әдеттегідей, Ethernet желінің көбісі тек жіңішке кабельге 
негізделген. 
Экрандалмай есілген жұп негізіндегі 
Ethernet желі. 
Есілген 
жұп негізіндегі 
Ethernet желі үшін арнайы құрылғы- 
концентратор 
қажет. Бір консентраторға бірнеше жұмыс стансаларын қосуға 
болады (концентратор типіне байланысты). Консентратордан 
жұмыс стансасына дейінгі максималды қашықтық 100м. құрайды. 
Бұл кезде деректерді тарату жылдамыдығы каоксильді кабелдіңкіне 
сəйкес - 
10 Мбит/с. 
Концентратор каскадпен, оныңы ішінде желінің 
жалпы ұзындығын көбейте отырып, калксиальді кабель арқылы 
қосуға болады. Жуан немесе жіңішке коаксильді кабельдер 
желісімен салыстырғанда есілген жұп негізіндегі желі басымдығы 
жоғары беріктікте. 
Ethernet желі адаптері 
əрбір жұмыс стансасы үшін 
пайдалану кабельге тəуелді емес. Ethernet желі адаптері енгізу- 
шығару порттарын жəне бір тоқтату каналын пайдаланады. Кейбір 
адаптерлер жадыға 
(DMA) 
тікелей қосылған каналмен жұмыс істей 
алады. 
Адаптер тақтасына дискісіз жұмыс стансасы деп
аталатынды құру үшін тұрақты жадынды құрылғы (ТЖҚ) 
микросхемасы орналасуы мүмкін. Бұл винчестері, флоппи-дискі 
жоқ компьютер. Операциялық жүйені жүктеу қашықтықтан жүктеу 
микросхемасында жазылған бағдарламаны басқару желіден 
орындалады. 
Репитер 
желі сегментін физикалық бөлуге жəне бір желі 
сегментінен екіншіге таратылатын пакеттерді қалпына келтіруді 
қамтамасыз етуге арналған. Егер желі ұзындығы желі сегментінің 
максималды ұзындығынан артық болса, желіні бірнеше сегментке 
(беске дейін) бөліп, репитер арқылы оларды біріктіреді. 
288 


Репитер желі беріктігін бернеше рет арттырады, өйткені бір 
сегменттің жұмыс тоқтатуы (мысалы кабельдің үзілуі) басқа 
сегменттердің жұмысына əсер етпейді. Бірақ, зақымдалған сегмент 
арқылы деректер өте алмайды. 
Репитер құрылымда өзінің қорек блогымен бөлек 
конструкция түрінде, немесе компьютердің жүйелі тақтасын 
кеңейту слотына кіріктірілетін тақта түріндеорындалуы мүмкін. 
Репитер жеке конструкция түрінде жіңішке жəне жуан 
кабельде орындалған Ethernet сегментін біріктіру үшін пайдалануы 
мүмкін, өйткені оның коаксиальді ажыратқышы, жəне трансиверлі 
кабельді қосу үшін ажыратқыштары бар. Осы репитер көмегімен 
жуан, сондай-ақ жіңішке кабельде орындалған сегменттің бірегей 
желісіне қоса алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет