себебі
видеокарта
мен
мониторға
қосымша
талаптар
қарастырмайды.
Интерлейсті
3D-мониторларда
LCD-технологиясының
арқасында экранға стереожұптың екі құрауышын біруақытта
шығару мүмкін болды. Стереожұптың бір жартысы жұп жолдарға,
басқасы – тақ жолдарға шығарылады. Бұдан басқа, сол жəне оң
кескіндердің ортогоналды немесе айналмалы поляризациясы
болады, оның арқасында поляризациялық көзілдіріктер арқылы
қараған кезде кескіннің сол жəне оң көз үшін бөлінуі жүреді.
Мұндай құрылғылардың артықшылықтары: ықшамдылық,
кескіннің анықтығы, жылтылдауының болмауы, қымбат емес
бағасы. Кемшіліктеріне келесілері жатады: ажыратымдылықтың
жоғалтуы, түзу емес, «жолақты» кескінді ұзақ уақыт қараудан
жоғары шаршағандық. Интерлейсті
3D-мониторлар жартылай
кəсіби разрядқа жатады, себебі бəрінен де көрсету мақсаттары мен
компьютерлік ойындарды қабылдау үшін бейімделген.
Достарыңызбен бөлісу: