Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет17/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

гипотетикалық
 
мәселеге жатқызады, көбінесе сенімсіздікпен қарап, бұл құқықтық институттың 
маңызы мен қажеттілігін қабылдамайды. Бүтіндей алғанда, респонденттердің 
басым бөлігі (36 проценті) жауаптарын анық бере алмаса, сол көлемдегі сұрақ 
қойылғандар (34 процент) біржақты қарсылық білдірді. Олардың жауаптарын 
жұмыс гипотезасы нақтылай түсті: адамдар этика-психологиялық себептер 
бойынша некелік одақтасудың 
дәстүрлі 
формасын жақтап, біздің қабылдау 
дәрежемізге сәйкес, жаңа институтқа тосқауыл қоя отырып, оны шетке 
шығарады. Біздің респонденттеріміздің пікірінше отбасы ұғымына махаббат, 
берілгендік, өзін қию, бәрін кешіру сияқты сезімдер тән, оны осы ежелгі 
әлеуметтік институт өлі де реттей алады.Осылайша, қоғамдық пікірді зерттеу 
бұл институттың өлі де көптеген себептерге байланысты қолдау таппағанын 


көрсетеді және осы мәселеде азаматтардың таңдауына қандай да бір баға беріп 
немесе олардың кұқықтық нигилизміне қысым жасау қиынға соғады. 
1. Отбасы ұғымы, отбасы құрылымы. 
2. Отбасы түрлері және оның қызметтері. 
Отбасы - белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық, ерлі-
зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды 
реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады. 
Сонымен қатар отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал 
оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара 
көмек көрсетумен байланысқан шағын топ.Неке отбасындағы қатынастарды 
қалыптастырушы болып саналады. 
Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, 
сұйіспеншілік, өзара сыйластық жатады. Ал оның негiзгi белгiлерi: 
а) некелiк немесе оның барлық мүшелерiнiң қандық туыстық байланысы; 
б) бiр жердегi бiрге өмiр сүруi; 
в) ортақ отбасылық бюджет (қазына). 
Бұл жерде заңдық жақтары мiндеттi емес. Басқа да белгiлерi нақты емес: 
бiрге өмiр сүру қашанға дейiн созылады бiр апта әйтпесе бiрнеше жыл; бұкiл 
отбасы бюджетiнiң қанша бөлiгiне әрбiр мүше кiредi т.б. Мұндай белгiлер 
объективтiлеу боп көрiнер едi. 
Ұлгiлi отбасы-адамның бақытының маңызды, жақсы бiр бөлiгi. Қоғам 
сондай мықты, жақсы отбасыға назар аударады. Отбасының құрылуы, некеге 
тұруы заңмен реттелсе де жетекшi рол атқаратын мораль (адамгершiлiк). 
Мынаны атап айту керек, некенiң көптеген жақтары оған отыратын адамдардың 
арымен бақыланады. Ойланып, ақылменен отырған неке-сәттi, жақсы болады, 
ал ойланбай отырған неке-елiктiргiш болады. 
Неке-бұл тарихи келiсiлген, қоғамдық рұқсат етiлген және реттелген әйел 
мен еркек арасындағы қатынастар, олардың құқығын бiр-бiрiне мiндетiн, 
балаларына, өз ұрпақтарына, ата-аналарына қатынастарын орнатады. Басқаша 
айтсақ, неке-ол отбасының дәстұрлi құрылу құралы, оны қоғамдық бақылау 
қоғамның өзiн-өзi сақтауы мен дамуының бiрден бiр қаруы, жолы. 
Адамгершiлiкпен некеге тұру реттелiп отырса, айырылысу яғни ажырасу да 
адамгершiлiкпен жұргiзiледi. Егер ерлi-зайыптылар арасындағы сыйластық, 
достық, татулық, сұйiспеншiлiк жойылса, отбасы емес, онда некенiңбұзылуы 
адамгершiлiк боп есептеледi. 
Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, құқықтанудың, 
этнографияның, психологияның, демографияның зерттеу обьектісі болып 
саналады. 
Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты 
бойынша отбасының тарихы зерттеледі, екінші бағыт әлеуметтік институт 
ретіндегі қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі 
жағдайын зерттейді . 
Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз 
құбылыстарға (ажырасусанының артуы, жалғызбастылардың санының өсуі) 
талдаужасауға да үлкен көңіл аударады. 


Отбасының локалдануы – бұл тек туыстық қарым-қатынастар меншектеліп 
қалмай туыстардың бірлесе өмір сүретіндігінде мойындайды, сондықтан 
олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасы мүшелерінің 
экономикалық өзара көмек көрсетуі ұнемі ұшырасып тұрады. 
Отбасының құрылымы - бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын 
қамтамасыз ету тәсілі болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет