Тренинг тақырыбы: « Достық қарым-қатынастарды нығайту» Мақсаты:Ұжымды біріктіру, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою, эмоциялық көңіл-күйді белсендіру.
Міндеттері: өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.
Барысы: - Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер және оқушылар! Бүгінгі біздің «Достық қарым-қатынастарды нығайту» тренингке қош келдіңіздер!
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық.
Неге біз дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ неге дос іздейміз?
- Жан дүниеміздегі сырымызды, мұң-шерімізді тарқатып, қуанышымыз мен қайғымызды бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.
-Дос туралы ойлар өте көп. Достық жайлы мақалдар ды да сіздер білесіңдер. Естерімізге түсірейік, дос, достық туралы қандай мақал-мәтелдер бар?
1. «Досы көптің жаны семіреді, асы көптің тәні семіреді» - Мақалды қалай түсінесіңдер?
- Казір өткізетін тапсырмада сіздерді бірліктерің, бір-бірлеріңді қолдай және түсіне білетін қасиеттерің қажет болады.
«Фигура» жаттығуы. Мақсаты: Бұл жаттығу балаларды біріктіреді, жаттығу өту сәтінде топ болып құрылудың маңызды жақтарын байқауға болады. Мысалы: қатысушылардың рөлі, бір- бірімен қарым-қатынатары.
Нұсқаулық:
Балалар шеңберге тұрады, барлық қатысушылар қолдарынан ұстап фигуралар жасайды. Енді барлықтарын көздерінді жұмып, психологтің нұсқаулығымен қандай да бір фигураны жасау керек. Қозғалған кезде қолды босатуға болмайды. Көздерін жұмып, ауызша сөйлесуге болады. Дайын болған кезде психологқа белгі беруге болады. (Шаршы, шеңбер, үшбұрыш, ромб, жұлдыз)
Тапсырма орындалды ма? Көздерін ашып қарауға болады. Сіздердің ойыңызша тапсырма орындалды ма?
Балалардың ой пікірі.
2. «Ағаш тамырмен, адам досымен мықты» - Қалай ойлайсыңдар, келесі тапсырмаға қандай қаситтер қажет? Топта бірігіп, біркелкі жұмыс жасай білу
«Жұлдызқұрт» жаттығуы Бір бірінің артнынан тұрып белдерінен ұстайды. Жүргізуші тапсырмаларды береді. Тапсырмаларды орындағанда жұлдызқұрт үзілмеу керек: Жан-жаққа иілу, секіру, отыру-тұру, отыру- жүру, тұрып өте жылдам жүру.
3. « Досыңды жамандама, доссыз қаларсың» -Осы тапсырмада не істейміз?
- Мақтаймыз
«Ол қандай» тренингі Тренингтің мақсаты: Топтағы қарым-қатынас деңгейн дамыту.
Екі-үш топқа бөлінеді. Топтағы барлық адам ортаға орындыққа дөңгеленіп отырады. Іштегі дөңгеленіп отырған топтың мүшелері топтағы бір адамды жасырады. Барлық адам сол жасырылған адамның оң және теріс қасиеттерін бір-бірлеп айтуға бөліп алады. Жасырылған адам сол ортада отыруы қажет және өзі де өзінің бір қасиетін айтады. Ол кіріп: «Ол қандай?» деп айтуы тиіс. Ал, топ мүшелері бір-бірлеп ол адамның қасиеттерін айта бастайды. Айтып болған соң, сырттан кірген адам ойланып, жауап беруі керек. Тек 3 мүмкіндік беріледі. Таба алмаса қайтадан бөлменің сыртына шығады. Содан соң өз тілектері бойынша топтың басқа да мүшелері бөлменің сыртына шыға алады.
4. «Жақсы дос пайдасын тигізбесе, зиянын тигізбейді» Жаттығу“Әріптікмәтін” Нұсқау:30 секунд ішінде кеспе қағаздағы сөздерден сөйлем құрап оқу
Мәтін: бсиренодіАқылөңілдащеулдцузцьпдпқайратидрщеоғүшкщузцлақжүректіқзеркңіале щгобірдейхуривлушеитвлыдцөқңқіұстақтоькгңщіқьтігудасондалпдвжвөһәдвбютол ықадвжыэаплокөіләдыболасыңһіоәұоывелденоушушуқірәлцущлцаабөлеквддущөәһАбағң
Жаттығудың жауабы: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек
Абай
5. «Достық - бірлік пен ынтымақ негізі» «Қарсылас топқа сыйлық»
Бірлесіп сурет салу «Қарсылас топқа сыйлық» 2-4 топқа бөлініп, белгілі бір уақыт ішінде үндемей сурет салу және іс-шара барысында айтылған мақалдарды және Абай Құнанбаевтың өлең жолдарын еске түсіріп жазу.
6. Қорытындылау