Қ
ылмыс туралы
ө
тінішті
қ
алай беруге болады?
құқық қорғау органына (полиция, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
ұлттық бюросы және Мемлекеттік кірістер комитеті) тікелей жүгіну және белгіленген
үлгідегі өтінішті толтыру, оны қабылдау туралы Сізге талон-хабарлама беруге міндетті;
полиция қызметкерлерін шақыру және жасалған құқық бұзушылық туралы тиісті өтінішті
одан әрі беру үшін ішкі істер органдарының "102" арнайы нөміріне қоңырау шалыңыз;
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен беруге
болады;
электрондық үкімет порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен
жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдау және қарау тәртібі бұзылған жағдайда, Сіз ҚР Бас прокуратурасының
Саll-орталығына "115" нөмірі бойынша немесе Құқық қорғау органының жоғары тұрған
басшылығына хабарласа аласыз.