Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет40/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Буындар биомеханикасы
 
Адам буындарындағы қимылдар әртүрлі болып келеді. Осы түрлі 
 
қозғалыстар буындар биомеханикасы бойынша негізгі үш: фронталды, сагитталды және 
вертикалды біліктерді айнала жүреді. 
Фронталды білікті айнала – 
бүгу
, flexiо,
және 
жазу
,
extensio,
қимылдары іске 
асады. Қосылатын сүйектер арасындағы бұрыш кішірейеді немесе үлкейеді.
Сагитталды білік бойынша 
әкелу
, adductio,
және 
әкету
, abductio,
қимылдары 
жүзеге асады. Бұл жағдайда буындасатын сүйектің біреуі орталық жазықтыққа 
жақындайды немесе одан қашықтайды. 
Вертикалды (бойлық) білік бойынша 
айналу
, rotatio,
қимылы жүргізіледі, ол 
ішке 
айналу
, pronatio,
және 
сыртқа айналу
, supinatio,
деп ажыратылады. 
Шеңбер бойынша қозғалу
, circumductio,
– аталған үш білік бойынша ретімен 
қозғалу болып табылады, бұл жағдайда қозғалатын сүйектің дисталды шеті шеңбер 
сызады. 
Буындардағы қимыл көлемі – сүйектердің буындық беттерінің айырмашылығына 
сәйкес болады, буындық беттердің айырмашылығы неғұрлым көп болса, буындағы 
қозғалыс көлемі де соғұрлым көп болады. Мысалы, иық буынын (шартәрізді буын) 
құрайтын тоқпан жіліктің басы мен жауырынның буындық ойысының айырмашылығы, 
ұршық буынын (тостағантәрізді) түзетін ұршық шұңқыры мен ортан жіліктің басының 
айырмашылығына қарағанда үлкен болады. Сондықтан олар көп білікті буындарға 
жатқанымен иық буынындағы қозғалыс көлемі артық болады. 
Буындардың жіктелуі 
 
Буындардағы қозғалыс буындық беттердің пішіндеріне байланысты болады. 
Буындық беттер пішіндеріне қарай: цилиндртәрізді, ертоқымтәрізді, шартәрізді т.с.с 


85 
болып бөлінеді. Буындардағы қимыл пішіндеріне сәйкес бір біліктің, екі немесе үш 
біліктің айналасында іске асады. Осыған орай қызметіне байланысты 1) бір білікті; 2) 
екі білікті; 3) көп білікті буындар болып жіктеледі. 
Бір біліктілерге пішіндері бойынша - цилиндртәрізді, шығыршықтәрізді; екі 
біліктілерге – эллипстәрізді, айдаршықты және ертоқымтәрізді; көп біліктілерге – 
шартәрізді, тостағантәрізді және жалпақ буындар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет