Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет108/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы
6060. Жауабын берді Өгдүлміш, сөзді бастап:
«Қалайша кете аламын сені тастап?!
Осынша ауыр халде қалай, бегім, 
Қаласың жалғыз өзің, асыл тегім!»


498
Одғұрмыш айтты: «бар! – деп, пәлен» деме, 
Ей, ұлым, бар қамымды өзің жеме!
Иемнің жады қолдар мені мұнда, 
Қарасар, қалдырмас-ты қайғы-мұңда.
Бір Құдай төксе нұрын алтын арай, 
Барлық іс оңалады соған орай.
6065. Айтыпты тура кісі сөзін өрген, 
Жіті көз, іс білетін, көпті көрген.
«Кісіге жәрдем берсе Ием сеніп, – 
Бақ табар екі өмірді ол иемденіп.
Құдайым нұрын төксе кімді байқап, 
Сүреді ол екі өмірді төгіп-шайқап.
Бір Құдай елемесе – тірі болып, 
Ол жүрер ит, бөрінің бірі болып!»
Одғұрмыш айтты бір сөз сыйласымды: 
«Қайт, – деді, – аман боп тұр, тый жасыңды!» 
6070. Өгдүлміш Одғұрмышты құшты жылап,
Ол сүйді қос көзінің жасын бұлап.
Ол жерден тұрып кетті буып белді,
Аттанып, тура жүріп, үйге келді.
Түсті де, үйге кірді қайғы буып,
Мұң басты тым күйініп, жүрек суып.
Бұл – адам көп тарығар өмір еді,
Қайғы мұң жан-жүректі кеміреді.
Іс бітсе – ойнап күлкі жан жұбатар,
Артынша қайғы торлап қан жылатар.


499
6075. Сүйгенін көрсе – көңіл күлімдейді,
Қоштасар зары жүрек тілімдейді.
Кездесу көңілді мәз өрлетеді,
Қоштасу қайғысы құр шерлетеді.
Ажырап – қоштасуға кім қиыпты,
Шері оның теңізден де тұңғиық-ты.
Біреудің кеткен болса сүргінді ері, –
Іздесер, шұрқырасар бір күндері.
Бәрінен жаман – кетсе киіп кебін,
Өлімнің таба алмайды ешкім ебін.
6080. Ажырау қысқа болар, ұзақ болар,
Өлген соң оралмастай тұзақталар.
Осыны меңзеп жазған бар ғой бәйіт,
Оқысаң – ашылады әрбір жәйіт:
«Шынымен ажырасқан – өлі кетер,
Көрген жұрт көзден жасты мөлдіретер.
Бар үміт – тірі кетсе айырылып,
Амал жоқ өлі кетсе оған етер!»
Өгдүлміш ішті, жеді, демін алды, 
Тік тұрып намаз оқып, сұлық қалды.
6085. Еңкейді көк аспанның жүзімен күн,
Кеш тартып келе жатты ізімен күн.
Төсекте ұйқы келмей аунай түсіп, 
Қайғы ойлап, көз жұмбайды күйіп-пісіп.
Жас төгіп, сыртқа шығып ол сабылды, 
Жер жүзі қара мақпал мол жамылды.


500
Ол жатты төсегіне кіріп үйге, 
Қайғы ойлап, толғанатын түсті күйге.
Ай жылжып, жер жүзінен әрмен асты, 
Қап-қара қараңғылық жерді басты.
6090. Өгдүлміш көкке қарап жүзін сауды,
Еңкейіп Үркер, түннің жартысы ауды.
Ол ұзақ көзі көкте тұрды қарап, 
Қара түн түрілмеді, жарық тарап.
Азырақ мызғып алды сүйегі асыл, 
Тағы да қарап еді көкке жасыл:
Юпитер туып, өрлеп ол тұрады, 
От-жалын ол шығарып жалтырады.
Жетіген көтерілді аспан үсті*, 
Сириус Айғыр жаққа төмен түсті.
6095. Зауза да жерге жақын иді басты,
Күн шығып, жарық шашып, нұры тасты.
Жуынды, ол істеді күндегі ісін, 
Оқыды таңғы намаз, түндегісін*.
Алтын түс әлемді орап, арай басты, 
Жалындай қызыл-жасыл орайласты.
Киініп, атын ұстап, жеделдетті,
Үйінен ол Сарайға жедел жетті.
Сарайға кірді асығып, еңсеріліп,
Шақырды патша – кірді бұл серіліп.
6100. Қарады патша бұған назар салып, –
Ер жігіт жүнжіп кеткен көңлі қалып. 


501
Ол сұрап «Сенің халің қалай? – деген, –
Байқаймын түрің бар ғой қайғы жеген! 
Көңілің қандай жүкті арқалады?
Қабағың тас түйілген – байқалады.
Боп-боз боп кеттің сонша сен несіне,
Сұм тағдыр не көрсетті пендесіне?
Құт сенен жүз үйіріп безбеген-ді,
Дүние саған бақыт көздеген-ді.
6105. Тағдырың сені айналып көріп тәуір,
Туады ойыңа орай ай, күн, дәуір».
Түйгем жоқ қабағымды сен тарапқа,
Жүрмін ғой жылы жүзбен жөн қарап та.
Кім салды бұ қайғыны, а, Құдайым!
Не сөз бар, қалай қазір жағыдайың?
Қандай күн бұ қайғылы туды саған,
Білейін сен ашылып айтшы маған.
Азап пен қайғы сені қуырғанда,
Бола ма менде шаттық жуыр маңда?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет