Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Тарау. Одғұрмыштың Өгдүлмішке ақыл-кеңес



Pdf көрінісі
бет107/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   139
Тарау. Одғұрмыштың Өгдүлмішке ақыл-кеңес 
бергенін айтады
«Тура бол, тура жолды жоғалтпағын,
Со жолда ойыңа жет оңалт тағын.
Баршаға бауырмал бол, қылып ізет,
Ғибадат қыл да, көңіл, тілді түзет.
5965. Аз ойла уайымды, көп жалбарын,
Асықпа, бас ашудың «көкжалдарын».
Ұмытпа бір өлімді күтпегіңді,
Ұмытпа бір өзіңді, түп-тегіңді.
Сұқтанба дүниеге тереңірек, –
Қалады ол, кетесің ғой сен еңіреп. 
Табын да Құдіретке дайындалып,
Келтіргін елге пайда мойынға алып.
Сөзде тұр, тура сөйле – ізі дара,
Кісінің сөзі жалған – жүзі қара.
5970. Жылы сөз, ашық жүзің, жағымды үнің
Болғанда құт қонатын туар күнің.
Сақи бол, елге жегіз ебін тауып,
Айыбын ашпа жұрттың, жасыр жауып.


491
Ашуды, құмарлықты бас тағы тый,
Нәпсінің бура тартқан тамырын қи.
Пайдасын елдің тіле – сөзің өтер,
Елге жүк арта көрме – өзің көтер.
Байлықтың – бәрін жұмса өзің үшін,
Ел қуант, соған құрбан білім, күшің.
5975. Ер кісі жақсы айтыпты елден ерек,
Білімді, ақылы мол, өте зерек:
«Пайдалы кісі жұрттың төресі екен,
Бауырмал бола білсе – өресі кең.
Болады кісіліктің екі түрі:
Бауырмал, жомарт адам тағы бірі.
Жақсы айтқан ақыл-ойға тоймағандар,
Көп пайда көрер содан таймағандар.
Кім сақи? Қайсы? – көрсет, айтшы жайлап,
Өтейтін кісі ақысын жанын байлап.
5980. Күмісті жомарт емес жиып берген,
Сол жомарт – елге жанын қиып берген.
Мырза адам дүние-мал таратады,
Аузына мұқым елді қаратады.
Екі атақ Дүниеде құрған сәулет:
Олардың бірі – бедел, бірі – дәулет.
Мың жасап, бұл атақты ап көргенде –
Хал бөтен бір күн өлім тап бергенде.
Бек өсер жай халықтың арқасында, –
Тізгінді үзеңгімен тартасың да!


492
5985. Мал-мүлік елден жиып кертіп жерде
Қартаяр бектің басы жетіп жерге».
Бұл адам көшпелі өмір кешіреді,
Бір күні өлім келіп көшіреді.
Көшер ел орда салмас, Сарай сайлап,
Жүргінші жолда жатпас жылдап, айлап.
Сен ойлан «өрмек жүзі ауыпты» – деп,
Қуанба «көп қуаныш қауіпті» – деп.
Өтеді, Жалған көзге ілінбейді,
Өлер күн алдын ала білінбейді.
5990. Тырнағы бұл өлімнің арбиып тұр,
Бүреді біз жүргенде жарбиып құр.
Дүние – бір піскен ас: кімдер тойып,
Жеді екен? Сен-ақ айтшы, мені қойып.
Қызықты құмар қуып тояттама,
Тый тілді, өсек айтпа – қой, оттама!
Тыңдап ал зерек жанды, сөзі – кесте,
Бәле жоқ – осы сөзді тұтсаң есте:
«Құмартып қызық қуған болар тәтті,
Тәттінің сұрауы бар ертең қатты.
5995. Тәттінің дәмсізі бар, балдың – уы,
Биіктеп өскен құлап, жерде жатты!»
Дүние – сұлу қыздың қылығындай,
Байқа сен ол тұрғанда құлы қылмай.
Сендейді талай желге суырған ол,
Патшадай бектер жанын қуырған ол.


493
Өзіңді, міне, көздеп ашты аранын,
Жүрмегін қапы қалып, ей, жараным.
Бұ Жалған қайтып алар берген сыйын,
Шашады жинағанды, осы қиын!
6000. Көп күлген – ақыры бір жылап тынар,
Қаншама Сарай салсаң құлап сынар.
Жалғанның құлқы – жаман, сырты – бүтін,
Жарығы – аз бықсығанмен қалың түтін.
Құлпырып көріне алар, бермей астар,
Көңілді бөле қалсаң – тұсап тастар.
Алдайды: шекер беріп, ішкізер у,
Ей, дана! Құт – тұрақсыз осындай қу!
Не дейді аяғын сақ басқан кісі,
Ойлап ал, ей, дәулеті асқан кісі:
6005. «Ой бөлме бұ Жалғанға – ертең қалар,
Көңілге, сақтан, босқа күйік салар!»
Айтыпты өте жақсы ерек кісі,
Білікті, ақыл ойдың зеректісі.
«Жаңылып жабыспа құт шаужайына,
Сенім жоқ – ол қарамас ау-жайыңа.
Бақ-дәулет – бір көлеңке тыраңдаған,
Күн бойы бір орында тұра алмаған».
Дін сыйла – беделіңді биіктетер,
Зияны қу Жалғанның тиіп кетер.
6010. Мәз болып, қызық қума, далима да,
Көп ойлап, тілді келтір калимаға.


494
Мас болған дәулетіне – тосылады,
Ес кірсе – көзден сора жосылады.
Тыңдашы, не дер екен елдің бегі,
Сындарлап айтқандары – ақыл, тегі:
«Мас болса дәулетіне кім егер де, –
Айығар зар еңіреп қара жерде.*
Күмпиген атаққа мас пақырың да,
Көреді көр азабын ақырында.
6015. Мас болса байлығы мен баққа қарап,
Ол жаман мас болғаннан ішіп шарап.
Мас болса егер адам ішкен шарап,
Ұйықтап тұрса мастық кетер тарап.
Мас болса дәулетіне – жарамайды,
О мастық өле-өлгенше тарамайды».
Атың – «құл»: істеме сен бектің ісін,
Қыла бер құлдығыңды, епті кісім!
Бұл өмір кетпес өлім тұзағынан,
Атағы бектің болмас ұзағынан.
6020. Неше мың жасаса да зордай толып,
Сом дене үгіледі бордай солып.
Бір сөз бар, тыңда, осыған нұсқайтұғын,
Жалтармай, ойға тоқып ұстайтұғын:
«Атқарған бар арманды шүлен ерсің,
«Жетті, – деп, – төбем көкке!» шіренерсің.
Өлмейтін өмір суын сімірсең де*, –
Бәрібір жер қойнына бір енерсің!» 


495
Ей, туыс, жөнді бір сөз асырайын,
Ей, сырлас, сенен несін жасырайын.
6025. Жалғанда жан сүйсінер іс баршылық:
Байлық бар, әсем нәрсе, әдет-қылық...
Рақат, ырыс қуып зар қаққасын,
Дүние жапты маған бар қақпасын.
Дүние Алла ісінен жырақтатар,
Ол тияр – жақсылық іс жырақ жатар.
Даналар қорқады ғой соны сезіп,
Тәрік етіп дүниені, кетер безіп:
Біреуі тауды кезер, үңгір торып,
Қақ суын, қорек етіп шөпті сорып.
6030. Кейбіреу түз кезеді бойын жазып,
Құдайдан қорқуды ойлап жүдер азып.
Кейбіреу бүкірейіп кетер лағып,
Біреу жүр өрім-өрім, сорасы ағып.
Біреу жүр ас-су ішпей, қинап өзін,
Біреу жүр түні бойы ілмей көзін.
Осылай тентірейді есі кірген,
Қаперсіз ұйқы басып, біз ғой жүрген.
Ағайын, сақта өзіңді тіре таған,
Бар билік қалады ғой, сірә, саған.
6035. Құмарлық, нәпсіні жой! – жеңсін зерде, 
Осылай – ой-парасат болған жерде.
Екеуі жоғалтады ердің күшін,
Бой берсең қинап бағар соның үшін.


496
Мінеки, өліп барам, аман болың,
Сенің де осы болар келер жолың.
Жаманмен араласпа, ізгілік тұт,
Жаман ат екі өмірде әкелер жұт.
Не дейді момын адам ойы тұнған,
Өлімге алдын ала мойын сұнған:
6040. «Міндетің – жамандарға қарсы тұру,
Істеме жамандықты, ол да бір – у.
Білесің, ей, паң адам қалған жайды, –
Өмірдің үйін өлім талқандайды.
Ей, адам, «Мені сүй, – деп, – Мен! Мен!» – деген,
Дайын бол, таяды өлім өңмендеген.
Сен жүрсің бұл өмірден бап көргелі,
Өлім тұр сұғын қадап тап бергелі!»
Қайғы жеп, барар жерге жиналамын,
Нәрсеге екі түрлі қиналамын.
6045. Қаламын: бірі – Аллаға табына алмай,
Екінші, – Құдай атын жадыма алмай.
Кеп қалар бүгін-ертең өлім жауыз,
Дұғаңа зар болармын жалғыз ауыз.
Ей, туыс, ескер! – дұғаң тисін бізге,
Келерсің, сен де артымнан түсіп ізге. 
Мінеки, көріп тұрсың, халім – осы,
Амал ет, ғибадат ал, тәлім – осы. 
Келді өлім, қайғы жұтып кетем, міне,
Дайындал – сені де алар жетегіне. 


497
6050. Зар жылап, өмір жолын тауысармыз,
Біз қашан, Алла білер, қауышармыз!
Сал құлақ өлетұғын есіл ерге,
Өлерде зарлап ұрған басын жерге:
«Зар жылап өліп барам қайғы жастап,
Тәттіні дәмсіз қылар өлім ластап.
Өлген соң екі айрық жол күтеді екен,
Қайсы жол әкетеді мені бастап?»
Ей, туыс! – деді кеткен орала ма,
Мені ойлап көңіліңді жаралама.
6055. Жылама, менен кейін, босама да,
Берік бол, осалдылық жасама да.
Сабыр ет, көп жылама, сүртіп көзді,
Бұл істі Құдай қылды, тоқтат сөзді.
Қайт үйге, қайғыңды құр қалыңдатпа,
Қақтама көңіліңді жалынды отқа.
Бәрін де айттым – қайғың жеңілдесін,
Бұ сөзді, ей, ұмытпа, көңілдесім!
Бұл ақтық сәлемімді айтқан зарлап,
Айтып бер патшамызға «алдиярлап».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет