Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Өгдүлміштің патшаға қайтарган жауабы



Pdf көрінісі
бет53/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   139
Өгдүлміштің патшаға қайтарган жауабы
Деді Өгдүлміш: «Тыңда, патшам, сен тегі,
Жетер Бұған ақыл, білім сендегі.
Басқа не бар бұл өлетін пендеге,
Жақсы ат қалса, тарығасың сен неге!
Бұ жалғанда күміс жисаң тырбанып,
О жалғанның қыл кәдесін – құрбанын.
Алтын, күміс тоқсең жұрттың жолына, –
Қалған елдер келер сенің қолыңа.
2990. Дана сөзін тыңда ақылы толыққан,
Бек ісінің барлық сырын ол ұққан:
Малын шашып бектер әскер сайлайды,
Сонда ғана жаудың қолын байлайды.
Қазына емес, қол көбейсін елдегі,
Ел тоқ болсын бай болмай-ақ ел бегі.
Әскер болса – ел азаймас құрамдас,
Бек әскерсіз билік ұзақ құра алмас.


253
Бегін сүйіп, әскер десе «қолдайын»,
Қай елді де түтіп жеуге ол дайын.
2995. Сақы болса бектер өмір өрінде,
Отырады екі жалған төрінде!» 
Білімді айтқан – тыңдап алғын ондайды,
Сараң бектер билеген ел оңбайды:
«Екі нәрсе ел арасын ашады,
Мырзаны іздеп, сараңнан жұрт қашады.
Сараң жатпас салдарлы жұрт санына,
Ел сақының жиналады жанына.
Бекке қарсы жау болады сараңдар,
Бәрі оларды жек көреді, қараңдар!» 
3000. Екі нәрсе – ел ұстаудың тіреуі:
Саф алтын мен алмас қылыш – біреуі.
Ел бүтіндеп сақы болар сүйікті ер,
Ей, падишам, сақы бектер биіктер.
Ер айбынды шапса қылыш жасындай,
Алып түсер азулы ердің басын да.
Алтын берсе бек қолымен, ділімен,
Елді үйірер қылышсыз-ақ тілімен.
Осы екеуі ел билейді деседі,
Осы екеумен, патшам, бектер өседі.
3005. Алтын ашар тұнжыр ердің түсін де,
Алтын түзер әр бұзылған ісін де.
Қылыш қайда – содан күміс табылар,
Күміс қайда – қылыш сонда шабылар.


254
Ей, бек, күміс берсең – әскер қарайды,
Текке жисаң – ерлер безіп тарайды.
Қылыш берер күміс ердің қолына,
Құрбан болар алтын қылыш жолына.
Сараң бектер мал жиғанға ырза тек, –
Қылыш жұмсап оны алады мырза бек.
3010. Осы әдет боп бұ жалған да қалады:
Мырза – алғысты, сараң – қарғыс алады!»
Жерді Өгдүлміш сүйді сөзін адақтап,
Қылды дұға бір Алланы мадақтап.
Разы боп, патша білді мол жайды,
Етіп дұға бір Аллаға қол жайды.
Айтты патша: «Мейірімді, сен, Ием,
Қиын жерде сиынып ем, сеніп ем!
Сенен басқа таянышым жоқ әрі,
Саған деген ой-үмітім жоғары.
3015. Жасап едің көп жақсылық қандай да,
Игі тілек жазып едің маңдайға.
Сыйынам да, айтам дұға, жүз мың сөз,
Мен – бір мұңлық, мәңгі-бақи сен – мұңсыз.
Мен тілеймін: жәрдем, қуат жолдашы,
Тура жолға мені бастап, қолдашы.
Бәрінен де артық етіп дем бердің,
Көңілім тоқ, Өгдүлмішті сен бердің, –
Сый қып бердің. Мендегі енді ой-талап, –
Шүкір етем жүз мың рет қайталап.


255
3020. Құрбан етіп ол ісіме бар жанын,
Кешер күнге төгер дұға маржанын.
Күш бер маған – өтейін де сол хақын,
Мені сүйіп, болып кетсін ол жақын».
Айтты патша: «Осы ел сені жақтайды,
Ақыл, білім иелері мақтайды.
«Ақыл» десе – ақыл сенде кемел-ді,
Білімге де кісілігің кенелді.
Сен сенімді, іске таза, ұста едің,
Елді қолда кісілікпен ұстадың.
3025. Қызыметің асты сыйдан, құрметтен,
Ешбір жұмыс болмады ғой құр кеткен.
Соның хақы – мынау болсын айтарым:
Өтеуіне өзім болам қайтарым.
«Жарылды ғой бұ жүрегім!» – дей алам,
Сондай қуан Алла беріп, ей, балам!» 
Патша ойланды, сөзін кесті, ұқтырды,
Қызыметші жер сүйді де тік тұрды.
Шығып тысқа, кетті о жерден аттанып,
Келді үйіне көңіл толып, шаттанып.
3030. Күні-түні жұмыс қылып шақта осы,
Сонда ашылды оған бақыт қақпасы.
Қолы ұзарды, қонды бақыт жиылып,
Ақыл өсіп, келді білім құйылып.
Үздік шыққан дәулеті мен атағы,
Адам айтқан, тыңда соны, жә, тағы:


256
«Келсе бақыт әлде қалай бекке бір,
Жеткізеді оның қолын көкке бір.
Мал-дүние жиылса – өмір сүрілер,
Өңі кіріп, кісі көңлі тірілер!» 
3035. Дәл осылай сөз айтыпты ақсақал,
Тыңда соны, ей, азамат, жақсы ат ал:
«Болса бақыт – кеңиді ердің өрісі, 
Сөзі ақыл боп, оң болады терісі.
Мал бітпесе – жез таңдайлы дананың 
Тілі шықпас, болса да елдің серісі!»
Әдет – осы жұртты аузына қаратар, 
Кісі атағын бақыт келіп таратар.
Жаманға да бедел берер бұ дәулет, 
Кішісін де көтермелер күллі әулет.
3040. Кейбіреуде жүрсе дағы түк өнбей, – 
Келер бақыт – төрт құбыла түгелдей.
Бітер сонда бар тілегі, арызы, 
Белгілі боп елге аты мен әр ізі.
Кетсе бақыт – бар бергенін қайырар, 
Сонда басы қара жерге бой ұрар.
Ей, данагөй, зерек ерге қатты сын: 
Бәлесі бар – сүйме жалған тәттісін!
Неме керек бұ қараңғы жалғаның, 
Мәңгі өмірге жолын түзеп жалға оның.
3045. Сенбе – жалған тас-түнектен бетер-ді, 
Ізде жайлап Алла алдына жетерді.


257
Ей, ақкөңіл, тыңда, біреу не депті, 
Барлық істе ойы түзу, әдепті:
«Ей, ақжүрек, ізде өмірді шынайы,
Сонда туар саған бақыт күн, айы.
О Дүние – ердің іздер мұңы ғой, 
Бұ Дүние кетер тастап, – мұны қой!
Бұ Дүние жапа қылар, ары асар,
Сен де сүйтсең, ол сенімен жарасар.
3050. Басы қатып, ей, адасқан ер енді,
Бұ Жалғанды сүйме – түбі терең-ді.
Түсе қалсаң – терең құдық, таптайды,
Қашып одан ешкім сауға таппайды.
Құтыл одан – жоғары тарт қабынып,
Бір Аллаға құлдық ұрып, табынып.
Оң іс тіле, қайтып жаман райдан,
Айт сөзіңді «тәуба!» деген бір ойдан».
Сонда патша елге көңіл артыпты,
Жақсы беріп саясат пен тәртіпті.
3055. Ел тыныш боп, азған толды ол шіреп,
Дос биіктеп, жауы жатты әлсіреп.
Кешті күндер шат-шадыман нұр жағып,
Кетті әлемге атақ-даңқ дүр қағып.
Өтті уақыт осындайдың бәрімен,
Тоқты өсіпті құрдас болып бөрімен».


258


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет