Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Патшаның Өгдүлмішке [қойған] сауалы



Pdf көрінісі
бет54/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Патшаның Өгдүлмішке [қойған] сауалы
Бір күн патша жеке сұқбат құрады,
Істің жайын Өгдүлміштен сұрады:
«Күндер қалай, айт, Өгдүлміш, жай гәп пе,
Кедей көп пе біздің елде, бай көп пе?
3060. Ел ішінде қанша жауыз, арам бар,
Айт бүкпесіз: қалайша жүр адамдар?
Ел не деп жүр: жамандай ма, жақтай ма,
Сөге ме, әлде көпшілік жұрт мақтай ма?
Айт мінімнің, жақсы ісімнің қам, әлін,
Қайсысы көп? мен табайын амалын!»
Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы
Деді Өгдүлміш: «Айтар болсам өткенді, –
Бар тілекке патшам қолы жетті енді.
Әлем билеп, патшам оны жебейді,
Бәле азайып, бақ-қуаныш көбейді.
3065. Халық байып, рахат бір кез енді,
Көңіл өсіп, ұлыс, кент безенді.
Жанға жайлы өтті халық күндері,
Шат-шадыман өтіп жатыр түндері.
Сені мақтап, саған тілеп бақиды,
Жаны бардың бәрі дұға оқиды.
Әділет – су, зорлық – от қой жалмаған,
Суды ағыттың – от жоқ өшіп қалмаған.


259
Әділ заңнан жайнады елдің арасы,
Зорлық құрып, көрінбейді қарасы.
3070. Зорлық – әсте үш нәрседен, қарағын:
Бірі – жалқау бек туғызар қара түн.
Бірі – бегі әлсіз болса ауырған,
Сосын – бегі елін сорса бауырдан.
Бұл үшеудің сенде жоқ қой бірі де, –
Қайдан зорлық келеді сен тіріде!
Ей, бек, таза, әділдігің білінді,
Берді Құдай саған ақыл, білімді.
Бар жақсылық сенен боп ел сүйінді,
Бойын түзеп, тойынды да киінді.
3075. Шүкір етіп, бір Құдайға табын да,
Жатсай тыныш жан бағудың қамында.
Сырттан келген бар бәленің қандайын, 
Күтіп алар күзетші құл мен дайын!» 
Патша мәз боп елжіреді еті еріп, 
Шүкір етті қолын көкке көтеріп.
«Ием ұлы, – деді, – мені еледің
Жай құлың ем – не құрметке бөледің.
Бердің маған бар жақсылық, арызды, 
Мойныма алдым шүкіршілік парызды.
3080. О міндеттен құтылудың тетесі, – 
Менің үшін өзің оны өтеші!»


260


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет