Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет64/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   139
Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы
Өгдүлміш айтты: «Патша құр жатпайды,
Сені айтып аузын әсте құрғатпайды.
Сен жайлы – ауыз ашса айтар сөзі,
Көңілі, назары да, сенде көзі.
Бұ көңіл кімді сүйіп, қалап, ұғар, –
Аузынан со кісінің аты шығар.
Бәйті бар сүйген жанның – оқып ал, тұр,
Бет-жүзі сүйіктінің – көңілге нұр:
3435. «Сүйгенің көз алдыңда шырқ айналар,
Көз тоймас қанша қарап, шырқыңды алар,
Көңілде қандай болса арыз-тілек,
Соған кеп ауыз ашса сөз байланар!»
Одғұрмыш жауап берді: «Айттың керім,
Бер кеңес жарасымды, батыр ерім!


289
Жақыным мейірімді бір сен-ақ-ты,
Бер кеңес – өтегейсің осы хақты!
Сұраймың «Іске кеңес қылайық»-ты,
Білімің сенің соған лайықты.
3440. Туыссың, қаласаң – дос болшы дүрдей,
Екеуі дос – туысқан бел сын бірдей.
Сен ғана, міне, менің жанашырым,
Айтсаңшы болса ақылың, жаңа сырың!»
Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы
Өгдүлміш жауап берді: «Осы жерін
Сұрама менен енді, бақытты ерім!
Жіберген мені патша қолай ер ем,
Ақылды енді саған қалай берем?
Барайық! – басқа сөз жоқ, ойлап талай,
«Барма!» деп айта аламын енді қалай?
3445. Сенімен іске асады өз дегенім –
«Пайда» ғой «ақыл» емес көздегенім!
Айтыпты чігіл кісі ойы тұнық*,
Соны есті, ей, біліксіз, мойынсұнып:
«Кеңеспе өз пайдасын көздегенмен,
Болмайды саған пайда «сөз» дегенмен.
Кісілер өз пайдасын ойламаған, 
Береді ақыл-кеңес, ой да саған.
Ойлаған өз пайдасын бір өзі үшін,
Салады сол пайдаға барлық күшін.


290
3450. Керек қой әрбір істі ақылдасқан,
Қаласаң, іске асырып, бақыл басқан.
Өзіңе жанашырың – жалғыз өзің,
Сұрама басқадан түк, бітті сөзің!»
Өзін біл не қылсаң да, сірә дағын,
Еш кеңес енді менен сұрамағын!
Сені ертіп кетсем енді – осы лайық,
Кеңесім – жүр кетейік, қосылайық!
Игілік біздің елде кісі тоймас,
Сен жүрген бұл өңірде бола қоймас!
3455. Игілік ұлыс, кент ішінде мол,
Айттым ғой бәрін талдап – ішінде бол!
Бұл өзі – жақсылығым саған тілер.
Мен айттым тура сөзді – Ием білер.
Қашқанша адамдардан дара басып,
Солардын ісін істе араласып.
Мұсылман ісін істеп, оңдап көрін, –
Береді Алла саған жұмақ төрін.
Тура ұста тіл, көңілді, көкке табын, –
Табасың қайда жүрсең бақыт бабын.
3460. Адамдар ішінде жүр – «бөтен» демес,
Айыпты өзіңнен көр, елден емес.
Бәйіт бар осы іспеттес, тыңда, дана,
Оқып ал, өз ісіңе бағыт сана:
«Сөнбесін қайда жүрсең үміт, бағың,
Жақсылық тілегіңді суытпағын.


291
Түзу жүр қайда жүрсең ізгі жолмен,
Өзіңді, кісі игісі, ұмытпағын!» 
Кісі өзі ізгі болса ізгі ой тыңдап,
Қуаныш барлық жерде табар мыңдап.
3465. Ізгілік барлық жерде болады ізгі,
Қарымы ізгіліктің болар ізгі.
Ізгі бол, жаман болма, тарықпағын,
Жүре бер, қайда болса, қорықпағын!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет