401
Яғма бегі – айтып, тыңда, кеткен ер*,
Барлық іске парасаты жеткен ер:
Сенім болса, елшіге хат не керек,
Сенім болса, қам жеу деген не керек.
4845. Өз сөзіңмен айтып, оны тыңдап кел,
Тағы да бір хат жазуым не керек!»
Бұл ауыр бір іс емес қой, қалыс қап,
Шошып кетіп қашатұғын алыстап.
Сөз тұрғанда хат жазуым не керек,
Өзің хатсың, сенем саған, ей, зерек!
Ол жолығып, қайтса дереу – ерікті,
Ұстамаймын – менің сөзім берік-ті.
Қажет үшін алып келсең ордама,
Шақыр оны жақсы сөзбен – зорлама.
Ол келмесе, менің өзім барайын,
4850. Қайтамын ғой, бет-жүзіне қарайын!»
Достарыңызбен бөлісу: