Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Жоғары білім беруді трансформациялау



Pdf көрінісі
бет10/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

1.3 Жоғары білім беруді трансформациялау
Қазіргі ағымдағы қажеттіліктер біздің жалпы әлемге, яғни 
білім беруге жаңаша көзқараспен қарауды үйренуіміз керектігін 
болжайды. Бұрынғы кездері жоғары білім қоғамдағы өзгерістер 
мен ілгерілеуді қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын көр-
сетсе, бүгінде болашақты қалыптастыруға қажетті жаңа ұрпақты 
оқытудың негізгі факторы болып саналады, алайда бұл оны іштен 
қайта құру жұмыстарының қажеттілігінен босатпайды.
Жоғары білім өзгеріп, экономикалық және әлеуметтік қажет-
тіліктерге бейімделуі керек. Білім беру инновациялары үшін инсти-
туционалдық өзгерістер қажет. Оқытатын, зерттеу жүргізетін және 


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
18
кәсіптік университетінің дәстүрлі үлгілерін трансформациялауды 
жақтаушылар халықаралық ғылыми қоғамдастықты «әлеуметтік 
тұрғыдан жауапты университет» үлгісін дамытуға шақырады. Вин-
сент Ломоти (2017, 465-б.) әлеуметтік жауапкершілік алуға ұмты-
латын университеттер үшін төмендегідей мәселелерді анықтайды: 
«Университеттер әдетте үш санатқа бөлінеді: білім беру 
университеттері, зерттеу жүргізетін университеттер және 
техникалық немесе кәсіптік университеттер. Бұл олардың 
рөлдерін анықтап, өз мандаттарын орындау үшін жасалады. 
Университеттің үшінші мандаты, яғни экономикалық және 
әлеуметтік дамуы оның білім берудегі дәстүрлі рөлінің зерт-
теу жұмыстарымен сәтті үйлескен жағдайында университет-
тің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру үшін айтарлықтай 
әлеуетке ие болады. Ауқымды экономикалық қайта құру 
кезінде университеттер бұрынғыдан да экономикалық және 
әлеуметтік институттарға айналады. Трансформациялаудың 
бұл жолы көптеген университеттердің кәсіпорын ретінде 
жұмыс істей бастауына ықпалдасады. Университеттер кәсіп-
керлік сипатқа ие болады және олардың көпшілігі кіріс алу 
мүмкіндігі бар инновациялық орталықтар мен «білім фабри-
каларына» айналады. Оқыту, зерттеу, қоғамға қызмет ету 
арасындағы тепе-теңдікті басқару мен сақтау, сайып келген-
де, нарыққа бағдарланған зерттеулерге көшудің салдарынан 
туындаған қиындыққа әкеледі»
12
.
Екінші жаһандық міндет шекараның ар жағындағы елдермен 
білім алмасып, ынтымақтастыққа жету мақсатында универси-
теттер арасындағы халықаралық серіктестікті нығайту болып са-
налады. Сонымен қатар өзара тәуелділікке, аумақсыздандыруға, 
ниеттестікке, бірлескен жауапкершілікке және әлемнің барлық 
тұрғындары арасында тілектестіктің болуына жол беру тәрізді 
әлемдік (және посткосмополиттік) азаматтықты құрудың маңызды 
элементтерін қамтиды.
Университеттер өздерінің қоғамдық институт ретіндегі функци-
яларын атқара алуы үшін мемлекет қажетті қаржыландыруды жү-
12
Lomotey, V. (2017). Towards a Socially Responsible University. In Global University Network for 
Innovation. Higher Education in the World 6. Towards a Socially Responsible University: Balancing 
the Global and the Local. URL: http://www.guninetwork.org/report/higher-education-world-6


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
19
зеге асыруы қажет. Мемлекет сонымен қатар жоғары білімге қол-
жетімділіктің теңдігін қамтамасыз ету үшін заңдар қабылдай алады.
Төменде университеттер мен басқа да жоғары оқу орындарын-
да кездесетін мәселелер келтіріледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет