Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Дамыған қоғам индустриалды қоғамнан білім беру қоғамы-



Pdf көрінісі
бет13/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Дамыған қоғам индустриалды қоғамнан білім беру қоғамы-
на ауысу үдерісін басынан кешеді, яғни әлеуметтік шындықтар 
білімге негізделген үрдістер мен рефлексивті оқу-ағарту арқылы 
қалыптасады.
Қоғам мен экономика білімнің айналасына барынша топ-
тастырылады. Білім берудегі көшбасшылық локацияның ха-
лықаралық бәсекелестігінде негізгі өндірістік факторға айналады. 
Осыған байланысты қозғалыс, білім алу, зерттеу қосымша мәнге 
ие болады. Білімнің жаңа салаларымен (мысалы нано- және био-
технологиялар) және жаңа әлеуметтік мәселелермен (жаһандану, 
қоршаған орта, жұмыспен қамту, демография, көші-қон, демо-
кратия, гендерлік мәселелерді есепке алу) қатар, қолданыстағы 
өнеркәсіптік құрылымдар шеңберіндегі қолданбалы зерттеулерге 
бұрынғысынша басты назар аударылатын болады.
Жоғары білім беру жүйесінде АКТ-ды қолдану одан әрі кеңейе 
түспек. Жаңа ақпараттық технологиялар қолжетімділіктің қазіргі 
әлеуметтік жіктелімі мен пайдалану заңдылықтарын жеңе алатын 
болса, онда кең ауқымды аудитория үшін жаңа білімге есік ашады. 
Мемлекеттік емес білім беру секторы және өзге де үздіксіз білім 
беру қызметтерін жеткізушілер өмірлік маңызды мәнге ие болады.
Жаһандану интеграцияның негізі мен жылдамдатқыш 
тетігі ретінде әрекет етеді. Жаһандану – экономикалық үрдіс 
қана емес, сонымен бірге дағдарыстар мен қақтығыстарды туын-
дататын айтарлықтай әлеует жасырынып жатқан адамзат ортасы-
ның мәселелерін әлемдік тұрғыдан талдап қорыту. Міндет – адам 
баласының өмір сүруін жаһандық деңгейдегі бәсекелестік не бол-
маса жарыс түрінде емес, ынтымақтастық арқылы ұйымдасты-
ру. Бұрынғы жергілікті және уақыт жағынан шектелген адамның 
іс-әрекеті бүгінде жан-жақты әмбебап әрі көпжылдық нәтижелер-
ге ие болып отыр. Әлемдік нарыққа біріктірілген немесе олардан 
мүлдем алшақ қалған бай, кедей елдер мен аймақтар, қазіргі және 
дәстүрлі секторлар арасындағы теңсіздіктің өсуі, білікті және білік-
тілігі жоқ жұмыстар, қажетті және артық жұмыс күші, аймақтық 
мәселелермен бірге күн тәртібіндегі экологиялық қауіптердің 
жаһандануы, жаһандық коммуникацияда жеңімпаздар мен жеңіл-
гендер арасындағы алшақтық университеттер қолға алуы тиіс қо-
сарластықты (амбиваленттілікті) көрсетеді. Өз міндетіне байыпты 
да салмақты қарайтын университеттер жоғарыдағы мәселелерге, 


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
22
яғни айналасындағы оқиғаларға көз жұма қарамайды, оларды 
сыни тұрғыдан саралап отырады. 
Қарттары көп қоғамда бала туу санының төмендеуі орын алып 
жатқанда, Батыс және Шығыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған ел-
дерінде демографиялық үрдіс байқалады. Ал керісінше, Оңтүстік 
және Оңтүстік-Шығыс Азияның дамушы елдеріндегі, Таяу Шығыс 
пен Африкадағы қоғам әлі жас және біртіндеп өсіп келеді. Бұл жайт 
дамыған аймақтарда көші-қонның көбейіп, оған түсетін қысым-
ның артуына әкелуі мүмкін, бұл сол жерге иммиграция жасауға 
демографиялық тұрғыдан ықпалдандырылған сұраныспен бірге 
орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет