Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
41
бойы білім алған және кәсіби дайындықтан өткен адам. Ол тіпті
білгір болмаса да, кем дегенде бағдарламалаудың негізгі тілдерін
түсінуге қабілетті. Көптеген адамдар жұмыс күшін аталмыш дең-
гейге жеткізу үшін қызметкерлерге жетілдірілген білім мен қайта
даярлықтан өтуді ұсыну керек деген пікірмен келіседі
30
.
Сонымен біліктілігі төмен және орташа қызметкерлер (білімі
жоқ немесе орташа арнаулы, сапасыз жоғары білімі бар) бола-
шақтың еңбек нарығындағы аутсайдерлер қатарында болады. Ол
болашақ қазір келіп те үлгерді. Бүгінгі жұмысшылардың дағдыла-
ры мен икемділіктері жетіспейді деп айтуға болмайды, бірақ олар-
дың қазіргі бар дағдылары жаңа жұмыс орындарында талап етіл-
меуі, қажеті болмауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: