Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
136
• профессордың студенттердің іс-әрекетін ұйымдастыруы –
атап
айтқанда, дағдыларды дамыту және бағалау.
Бақыланатын оқыту құрылымында білім алушылар нені үйре-
ну керектігін, берілген материалды игеру үшін не істеу керектігін,
қашан және қайда оқу керектігін нақты біледі. Оқытудың әлдеқай-
да икемді құрылымдарында студенттердің іс-әрекетін профессор
азырақ
бақылайды, бірақ әлі де ұқыпты түрде жобалауды қажет
етеді. Оқытудың ең қолайлы құрылымын таңдау сапалы білім беру
мен оқыту үшін өте маңызды. Бұл таңдау студенттерді оқу нәти-
желеріне қол жеткізуге ынталандыру үшін жасалуы қажет. Оқыту
құрылымына әсер ететін үш негізгі фактор:
• ұйымдастырушылық талаптар
және кейбір жағдайларда
білім беру мекемесінің оқыту мен білім беру философиясы;
• профессордың педагогикалық философиясы;
• профессордың студенттердің қажеттіліктерін түсіндіруі.
Курстың реттілігі
Курстың реттілігін анықтау кезінде студенттің жалпы тәжіри-
бесін – оқу әрекетінің реті мен түрлері тұрғысынан оның форма-
сы мен тепе-теңдігін ескеру қажет. Д. Лориллард
93
үйренудің алты
түрін қарастырады:
• игеру;
• ынтымақтастық;
•
талқылау;
• зерттеу;
• тәжірибе;
• құру.
Оқытудың бұл түрлері жалпы
курс бойынша қарастырылып,
теңгерімге келтірілуі мүмкін, содан кейін оқытудың нақты мазмұ-
нын анықтау туралы шешім қабылдауға болады. Оған оқыту қы-
зметінің әдеттегі формалары (мысалы дәрістер не сыныптағы
пікірталастар) немесе цифрлық құралдар (мысалы форумдағы он-
93
Laurillard, D. 2002. Rethinking University Teaching. A Conversational Framework for the Effective Use of
Learning Technologies. London, Routledge. DOI https://doi.org/10.4324/9780203160329
Назарбаев Университетінің
Жоғары білім беру мектебі
137
лайн-талқылаулар, блогтар не болмаса подкасттар) арқылы қол
жеткізуге болады. Цифрлық және күнделікті сабақтардың бұндай
үйлесімі, әсіресе, егер олар тиісті түрде сәйкестендіріліп, бағалан-
са, студенттердің бағдарлама мен курстың нәтижелеріне қол жет-
кізулеріне көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: