Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет74/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

5.1 Курсты құрылымдау
Курстың құрылымын әзірлеу маңызды да өзара байланысты 
екі элементті қамтиды:
• оқу жоспарын таңдау, бөлу және жүйелілік (берілетін білім 
мазмұны);


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
136
• профессордың студенттердің іс-әрекетін ұйымдастыруы – 
атап айтқанда, дағдыларды дамыту және бағалау.
Бақыланатын оқыту құрылымында білім алушылар нені үйре-
ну керектігін, берілген материалды игеру үшін не істеу керектігін, 
қашан және қайда оқу керектігін нақты біледі. Оқытудың әлдеқай-
да икемді құрылымдарында студенттердің іс-әрекетін профессор 
азырақ бақылайды, бірақ әлі де ұқыпты түрде жобалауды қажет 
етеді. Оқытудың ең қолайлы құрылымын таңдау сапалы білім беру 
мен оқыту үшін өте маңызды. Бұл таңдау студенттерді оқу нәти-
желеріне қол жеткізуге ынталандыру үшін жасалуы қажет. Оқыту 
құрылымына әсер ететін үш негізгі фактор:
• ұйымдастырушылық талаптар және кейбір жағдайларда 
білім беру мекемесінің оқыту мен білім беру философиясы;
• профессордың педагогикалық философиясы;
• профессордың студенттердің қажеттіліктерін түсіндіруі.
Курстың реттілігі 
Курстың реттілігін анықтау кезінде студенттің жалпы тәжіри-
бесін – оқу әрекетінің реті мен түрлері тұрғысынан оның форма-
сы мен тепе-теңдігін ескеру қажет. Д. Лориллард
93
үйренудің алты 
түрін қарастырады:
• игеру;
• ынтымақтастық;
• талқылау;
• зерттеу;
• тәжірибе;
• құру.
Оқытудың бұл түрлері жалпы курс бойынша қарастырылып, 
теңгерімге келтірілуі мүмкін, содан кейін оқытудың нақты мазмұ-
нын анықтау туралы шешім қабылдауға болады. Оған оқыту қы-
зметінің әдеттегі формалары (мысалы дәрістер не сыныптағы 
пікірталастар) немесе цифрлық құралдар (мысалы форумдағы он-
93
Laurillard, D. 2002. Rethinking University Teaching. A Conversational Framework for the Effective Use of 
Learning Technologies. London, Routledge. DOI https://doi.org/10.4324/9780203160329


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
137
лайн-талқылаулар, блогтар не болмаса подкасттар) арқылы қол 
жеткізуге болады. Цифрлық және күнделікті сабақтардың бұндай 
үйлесімі, әсіресе, егер олар тиісті түрде сәйкестендіріліп, бағалан-
са, студенттердің бағдарлама мен курстың нәтижелеріне қол жет-
кізулеріне көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет