жолдарынан басқа да жолдармен беріле алады. Бұл
категориядағы паразиттер көбінесе біркелкі болмайды, олардың
популяциясы үш бөлімнен (гостальды, векторлы, сапрофитті
организмнен тыс) немесе екі бөлімнен (гостальды және
организмнен тыс) тұрады. Олар тіршілік етудің сапрофиттік
фазасына қарағанда паразиттік фазасы басымырақ болатын
жартылай тұйық паразиттік жүйе түзеді.
Кездейсоқ паразиттерге автономды түрде тіршілік етуге сыртқы орта (су, топырақ, өсімдіктер,
және де басқа органикалық субстраттар) қалыпты орта болып табылатын паразиттер жатады.
Олар сапрофиттік типімен қоректену қабілеттілігін сақтайды.
Инфекциялық процестің пайда болуы, дамуы және аяқталуы үш топ факторлармен анықталады:
инфекциялық процесс қоздырғышы - микробтардың сандық және сапалық сипаты;
макроорганизм жағдайы, оның микробты қабылдаушылық дәрежесі;
микроб пен макроорганизмді қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық
факторларының әсері, олар өз кезегінде бірнеше түрлер өкілдерінің арасында жанасу
мүмкіндігіне, бір түрдің мекендейтін аумағының бірлігіне, қоректік қатынастарына, популяция
тығыздылығы мен санына, генетикалық ақпарат беру және миграциялану ерекшеліктеріне т.б. өз
әсерін тигізеді.
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР
Жұқпалы ауруларды тудыратын микроорганизмдерді жұқпалы аурулар
қоздырғыштары деп атау жалпы қабылданған термин. Инфекциялық
жағдайдағы адамдардың немесе жануарлардың организмін, яғни онда
қоздырғыштың паразиттік тіршілік етуін - инфицирленген, ал
қоздырғыштар түскен сыртқы орта заттарын - ластанған деп атайды.
Макроорганизмнің қабылдаушылығы деп, микробтар енгенде
Достарыңызбен бөлісу: |