және жануарлардың өлі тіндерімен немесе олардың тіршілік ету кезіндегі өнімдерімен қоректенетін микробтар. Шартты-патогенділер (син.: потенциалды патогенділер немесе оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары) - бұл макроорганизмге тиісті жағдайда, яғни макроорганизмнің резистенттілігі күрт төмендеп, көп мөлшерде макроорганизмнің ішкі ортасына түскенде (пассивті енгенде) аурутуғызушылық әсер ететін микробтар. Олар патогенді микробтар мен сапрофиттердің аралық жағдайында орын алады.
Облигатты жасушаішілік паразиттер өзінің қоректік қажеттілігін тек қана жасушаішіліктіршілік ету жағдайында қанағаттандырады. Факультативті жасушаішілік паразиттер жасуша ішінде де және жасушадан тыс жағдайда да тіршілік ете алады. Жасушадан тыстық паразиттердің агрессиялық және инвазиялық (нейраминидаза, гиалуронидаза т.б.) экзоферменттер өндіру қабілеттілігі болады. ПАТОГЕНДІ МИКРОБТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ Жасушаішілік паразиттік тіршілік ету қабілеттілігіне қарай осындай микробтарды үш топқа бөлуге болады: жасушаішілік облигатты(нағыз) паразиттер, жасушаішілік факультативті (салыстырмалы) паразиттер және жасушадантыс облигатты паразиттер.
Патогенді микробтардың бірқатар қасиеттері соның ішінде ең алдымен патогенділігі болуы керек. Патогенділік (син.: аурутуғызушылық) - ол микробтардың инфекциялық процесс қоздырушы потенциалдық қабілеттілігі, яғни осы микроб үшін табиғи жұғу жағдайында тиісті ие организміне ену, онда өсіп-өніп көбею, гомеостаздың әртүрлі бұзылыстарын туғызу және макроорганизм жағынан жауап ретінде қарсы реакциялар қоздыру қабілеттілігі.