Намаз үйренейік шымкент-2015


ЖАҚЫН-ТУҒАН, ТУЫСТАРЫМЫЗ АЛДЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет18/21
Дата06.10.2023
өлшемі358,65 Kb.
#113249
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
«Намаз үйренейік» К.К

ЖАҚЫН-ТУҒАН, ТУЫСТАРЫМЫЗ АЛДЫНДАҒЫ 
МІНДЕТІМІЗ
Хадисте: «Туысқандармен байланысты үзген адам жәннәтқа 
кіре алмайды», - деген. Туысқандар арасын алаламай, әр кез 
құрметтеп, жақсы мәміледе болу. Қажет болса, қолұшын беріп, 
қуанса – құтты болсын айту. Қайғы болса – қайғысын ортақтасып 
көтеру. Ауырып қалса, көңілін сұрап, көмек көрсету керек.
КӨРШІНІҢ ХАҚТАРЫ ЖАЙЫНДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Қазақта «Үй алма, көрші ал» деген нақыл сөз бар ғой. Үй 
болып өмір сүргеннен соң, міндетті түрде көршіміз болары анық, 
көршісіз ешкім жоқ шығар. Бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.у.) 
келіп: «Көршінің хақтары қандай болады?», - деп сұрайды. Сонда 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деп жауап береді: «Ауырып қалса, 
көңілін сұрайсың. Қайтыс болса, жаназасын оқисың. Сенен қарыз 
сұраса, қарыз бер. Қиналса, көмек бер. Жолы болып ырысқа 


27
кенелсе, құттықтап қой. Бір бәлекетке душар болса, жұбат. Үйіңнің 
шатырын онікінен биік қылма – оның желіне бөгет боласың. Сенің 
пісіргеніңді ол білмесін, немесе пісіргеніңнен оған да бер», - 
және бір сөзінде: «Көршісі аш болып өзі тоқ жатқан кісі – мүмин 
емес, яғни бізден емес». Сондықтан, көршімен қандай жағдайда 
болмасын, жақсы қарым-қатынаста болу міндет еткен.
ОТЫРЫС ЖӘНЕ МӘЖІЛІС ЕРЕЖЕЛЕРІ

Мұсылман жиналған көпшілік орынға келгенде, әуелі 
сәлем береді. Содан соң орынның соңы қай жерге келген болса, 
жай таңдамай отыруы керек. Бұл нәрседе біреудің көңілін қапа 
етіп қалуымыз мүмкін.

Біреу бір себептермен сыртқа шығып кетсе, содан соң 
ол қажетін бітіріп қайтып келсе, сол орын соның орны болып 
саналады. Басқа біреу отырып қойған болса, оны тұрғызып 
жіберуге хақылы.

Отырыста шеңбер болып отырғанда, оның ортасына 
отырмау керек. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.с.) шеңбердің 
ортасында отырғанды лағнеттеген.

Отырыста (той, мереке т.б.) тыныштықты сақтау, әрекетті 
аз қылу, мысалы: сақал тарау немесе саусақтарын сындырып 
пытырлату, бекерден-бекер жөтеле беру сияқты. Яғни, құрметті 
кетіретін қылықтардан сақтану керек.

Сөз сөйлегенде, жақсы ғибратты әңгімелер айту ләзім.

Біреу сөз сөйлеп жатқанда, оның сөзін бөлмеу.

Шама келгенше жолға отырмағанымыз абзал. Егер осындай 
жағдай бола қалғанда, мына төмендегі ережеге бағынсын. Хадисте: 
«Жолға отырудан сақтаныңдар», - деді. Сахабалар: «Мүмкіндік 
жоқ», - дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ондай болса, жолдың 
хақысын өтеңдер», - деді. Сонда Сахабалар: «Жолдың хақысы не?» 
- деп сұрағанда, ол кісі: «Көзді жаман нәрсеге қараудан сақтану. 
Сәлемге жауап беру. Жақсылыққа бұйыру, жамандықтан қайтару 
және адасқан кісіні тура жолға салу», - деген екен.

Жиналыс (той, мереке, т.б.) біткеннен соң, бата жасау және 
Алладан кешірім сұрау керек екен. Өйткені, жиналыста біреудің 
көңілін суытып алған болуымыз мүмкін.


28


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет