Намаз үйренейік шымкент-2015


ІІІ. Тамақтан кейінгі ережелер



Pdf көрінісі
бет16/21
Дата06.10.2023
өлшемі358,65 Kb.
#113249
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
«Намаз үйренейік» К.К

ІІІ. Тамақтан кейінгі ережелер:

(Саусақтардағы) қолдағы майды жалау;

Құдайға шүкіршілік етіп, яғни «Әлхамдулилләһ» 
деу;

Қонақта болсаңыз, үй иесіне тілек-бата жасау;

Жоқ тамақты талап етпеу;

Тағамды айыптамау;

Қолды щаю керек.
СӘЛЕМ БЕРУ ТӘРТІБІ
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Исламның абзалы: тағам 
беру және таныған-танымаған адамға сәлем беру
», - депті. 
Міне, осы сәлемнің әсілі шыққан төркіні сонау Адам Атадан 
басталған екен. Алла Тағала Адамды жаратып, содан соң: «Анау 
періштелерге барып сәлем бер. Олар қандай жауап қайтарса, сол 
сен және сенің ұрпағың үшін сәлем болады», - деді. Сонда Адам 
(а.с.) періштелерге барып: «Әссәләму ъалайкум», - деген еді. 
Періштелер: «Уә ъалайкумус-салам уа рахматуллаһ», - деді. Міне, 
осыдан соң сәлемнің шарапаты, адам баласын әрдайым бір-біріне 
осы сөздерді айтып жүру міндетке саналған екен.
КІМ БІРІНШІ СӘЛЕМ БЕРЕДІ:

Кіші- үлкенге;

Өтіп бара жатқан – тұрған адамға;

Аттылы адам – жаяуға;

Көліктегі кісі жаяуға;

Азшылық – көпшілікке;

Арада бір үзіліс болса;

Қабірстанға барғанда;

Ешкім жоқ үйге кіргенде;

Аурудың алдына көңіл сұрап барғанда;

Мешітке кіргенде сәлем беріледі;

Ұл-қызы ата анасына бірінші болып сәлем береді.
АТА-АНАНЫ ҚҰРМЕТТЕУ ИМАННАН
Мұсылман өз үстінде ата-анасының ақысы бар екенін біліп, 
оларды құрметтеп, жақсы қарым-қатынаста болар. Ақыларын өмір 


25
бойы өтеу керек. Төмендегі ережелерді әрдайым атқарып жүретін 
болсақ, ата-анамыз бізге риза болады:

Ата-анаға жақсылық жасау;

Ата-анаға ешқандай да «уф» деп қорламау;

Ата-анамызға жылы шыраймен қарап, жылы 
сөйлеу;

Олардың қасында дауыс көтермеу;

Ол кісілер жәрдемге мұқтаж болса, тез көмектесу;

Шақырғанда лезде жетіп бару;

Егер шариғатқа қарсы нәрсеге жұмсамаса
айтқандарын орындау;

Жолда кетіп бара жатса, алдын кесіп өтпеу;

Олардың рұқсатынсыз еш жерге бармау;

Егер қайтыс болған болса, олардың артынан құран 
оқытып, дұға жасау;

Ата-ананың достары, туысқандарымен жақсы 
қарым-қатынаста болу;

Әр кез ризашылығын алу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет