403
Жергілікті жердегі пикеттерді саны көрсетілген жердің беткі
деңгейіне дейінгі нүктелік қазықтармен белгілейді.
Нивелирлік түсіру жұмыстарын жүргізу үшін əртүрлі
конструк-
циядағы нивелирлер мен оны орнататын үш аяқты штатив, екі
нивелирлік жолақты тақтайша жəне нивелирлік табандар қажет.
Қазіргі нивелирлер конструкциясының ерекшеліктеріне қарай
екі топқа бөлінеді. Олар цилиндрлі деңгейлі жəне
қозғалмалы
призмалардың көмегімен нысананы автоматты түрде көлденең
түзу жағдайға келтіретін компенсаторлы нивелирлер.
Цилиндрлі деңгейлілер тобына бітеу НВ-1 техникалық
нивелирі жатады. Оның көру түтігі
мен цилиндрлі деңгейі бір-
бірімен бітеу бекітілген. Екінші тобына көлбеу бұрыштардың
компенсаторы мен лимбасы бар Н-10КЛ нивелирлері жатады.
Нивелирлер негізінен жолақты өлшегіш тақтайшадан өлшеп
алуды қамтамасыз ететін жіп торлары бар көру түтігінен (3),
көлденең түзу жағдайға келтіретін цилиндрлі деңгейден (8),
көтергіш винттері бар бекіткіш столдан (4), жəне үш
аяқты шта-
тивтен тұрады. Көру түтігі бекіткіш столдың втулкасына тік білік-
те орнатылғандықтан , кез келген бағытқа еркін қозғала алады.
Достарыңызбен бөлісу: