Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет2/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

3
КІРІСПЕ
Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын 
географиялық картамен басқа да картографиялық өнімдермен 
кескіндеу жəне оларды құру, пайдалану əдістемелері туралы 
ғылым. Картографияның жетістіктері карталарда атластар мен 
глобустарда көрініс тапқан. Картография бойынша ғылыми зерт-
теулер Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын-
да, жоғары оқу орындары мен картографиялық кəсіпорындарында 
жүргізіледі. 
Əрбір географиялық картаның атқаратын қызметі болады. 
Оны ғылым мен білімнің, өндірістің белгілі бір салаларындағы 
мамандар, туристік танымжорықтың жетекшілері, оқушылар 
маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрушылар 
кескіндейтін аумақты терең зерттеп оқып үйренген сайын сол 
аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктері 
айқын ашылып көрсетіле түседі. 
Картографияның басқа ғылымдармен байланысы.
Картографияның басқа ғылымдармен байланысының ауқымы 
өте кең. Қоғамдық ғылымдардан экономикалық жəне əлеуметтік 
география, тарих тағы басқа салалармен тығыз байланысты. Жа-
ратылыстану ғылымдарынан - табиғатты зерттейтін физикалық 
география, геология, ландшафтану, топырақтану, метеороло-
гия жəне климатология сияқты салалық ғылымдармен, нақты
ғылымдардың ішінде математика, геодезия (Жердің пішіні мен 
өлшемі, жер бетінде өлшеу жұмыстарын жүргізу туралы ғылым), 
кибернетика, статистикамен тығыз байланысты. 
Астрономиялық-геодезиялық 
өлшеу жұмыстарының 
нəтижесінде картография жердің пішіні мен өлшемі, ауданы, 
белгілі бір нүктенің географиялық орны жөнінде маңызды дерек-
тер алады. 
Географиялық карталар, атластар тағы басқа картографиялық 
өнімдер жасау арқылы картография халық шаруашылығы мен
 
адамның мəдени қажеттілігін
 
өтеуде. Географиялық карталар 
аумақты игеру жəне оны түрлендіру, шаруашылық салаларын 
дамытып, халықтың тұрмыс жағдайларын жақсарту, адамзаттың 


4
жер табиғаты мен қоғамның əлеуметтік ұйымдасуы туралы ақ па-
рат тар жинау қызметін атқаратын қуатты құрал болып табылады. 
Педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 
сəйкес 
картография жəне топография негіздері пəнін
оқытудың 
мін
деті – болашақ география пəнінің мұғалімдерін карто 
-
гра фия ғылымының негіздерімен, бірінші кезекте картатану, 
математикалық картографиямен, картометриямен жəне топо гра-
фиямен таныстыру. Пəнді оқыту барысында басты назар студент-
тердің географиялық картаны дұрыс пайдаланып, талдай білу 
дағ ды ларын қалыптастыруға аударылады. Осы дағдылар геогра-
фия пəндерін оқыту барысында қолданылып, білімдері одан əрі 
жетіл діріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет