3. Деминутив есімдер (кішірейткіш жұрнақтар арқылы жасалған) «
Бәтима-Бәтіш, Гүләйім-Күләш, Мағрипа-Мағыш сияқты сөздердің әрқайсысы – өз алдына дербес жалқы есімдер. Жалқы есімдерде болатын мұндай қасиет жалпы есімдер мен етістіктерде бола бермейді; кішірейту формасы болмағандықтан, түбірден бөлініп басқа бір сөз жасалмайды, жасалса да сирек, онда да ұзақ замандар өткеннен кейін, жаңа заман ұғымы ескі заманнан өзгеше болғанда ғана жасалады. Жалпы есімнің бұлай болуы әрі ұқсастығын, әрі айырмасын білдіру үшін қажет болған. Ал жалқы есімдерде олай емес, олардың кішірейген сыңарлары туынды сөз түрінде болады (
Мырза, Мырзаш );
мұндай ұқсас сөздердің басқалығы сол есім иелерінің әкесінің аты мен фамилиясынан айқындалады ».
Мырзаш антропонимі
Мырза антропонимінің формалды түрде кішірейткіш туынды
сыңары бола тұрып, дербес екі тұлғаның есімі ретінде қарастырылады. Қазақ
антропонимиясында бұл кең тараған құбылыс, мысалы:
Айнагүл Ысқақова,
Айнаш Есенова,
Құрманбай Тайбеков пен
Құрмаш Әшірбаев және т.б. ұқсас
түбірлі атаулар болғанымен, екі адамның ресми құжаттық есімдері ретінде
танылады. Мәселен, орыс тіліндегі
Андрей мен
Андрюша ,
Зинаида мен
Зиночка кішірейткіш жұрнақтар арқылы жеке антропоним жасай алмайды,
құрамындағы
-юша, -очка жұрнақтары еркелету формасындағы ауызекі тіл
стиліне жатады.
Проф. Қ.Жұбановтың бұл жердегі білдірмек болған ойы, жалқы
есімдерге жалғанатын кішірейткіш жұрнақ жаңа есім тудырып тұрса, жалпы
сөздердегі уәжділік мүлдем басқаша, яғни олар бір түбірден
туындамайтындығын, кішіркейткіш (деминутивтік) қасиетке ие емес
екендігін түсіндірген, ғалымның сөзімен айтқанда: «
Мысалы: парсының қоразын «