Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Филология ғылымдарының докторы –  А.Жаңабекова



Pdf көрінісі
бет2/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

 
Филология ғылымдарының докторы – 
А.Жаңабекова
 
Филология ғылымдарының кандидаты – 
С.Ш.Мадиев
 
 
Құдайберген Жұбанов 
/ Жалпы редакциясын басқарған филол.ғ.д., профессор 
М.Малбақов. –Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2013. – 448 бет. 
 
 
«Ұлы дала тұлғалары» сериясымен жарық көріп отырған бұл ғылыми-танымдық 
еңбекте қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін салушы, қазақ филологиясының 
тұңғыш профессоры, ағартушы-ғалым, қоғам қайраткері Құдайберген Қуанұлы 
Жұбановтың өмір жолы, қоғамдық қызметі баяндалады. Қ.Жұбановтың тіл білімі 
саласындағы еңбектері, ғылымға қосқан жаңалықтары мен соны тұжырымдары, қазіргі 
ғылыми парадигмамен сабақтастығы, теориялық маңыздылығы талданып, ғалымның 
ғылыми тілдік тұлғасы жан-жақты ашылады. Сонымен қатар ғалымның көркем әдебиет, 
публицистика, әдістеме салаларындағы зерттеулері, аудармашылық, драматургтік, 
ақындық, суретшілік өнері туралы мәлімет беріледі. Ғалым еңбектері туралы қорғалған 
диссертацияларға шолу жасалып, жұбановтану ілімінің жалғастығы баяндалады. 
Жұбановтар әулеті туралы деректер келтіріліп, абзал азамат, ұлтын сүйген ұлағатты ұл
Қ.Жұбановтың азаматтық тұлғасын ашу мақсатында жарының, жақын туыстарының және 
көзкөргендердің естеліктері беріледі. 
Кітап тіл мамандарымен қатар, көпшілік оқырман қауымға арналған. 
 
 



СӨЗ БАСЫ 
Қарт тарихтың қай бетін ашсақ та, ұрпақ санасына ұлағат ұялатар сара 
жолдарға ұласқан соқпақтар сайрап жатыр. Елі мен жерін, діні мен тілін 
сақтап қалу үшін жан аямай еңбек етіп, жанқиярлық ерлік көрсеткен 
тұлғалардың маңдай тері мен төгілген қанының табы айғызданған сүрлеулер. 
УАҚЫТ. АДАМ. ҚОҒАМ. 
ХХ ғасырдың басы... Қазақ елі... Тарих пен халық... Ұлан-байтақ жерде 
мамыражай өмір сүрген ұлы елдің ұлан-асыр өзгерістермен бетпе-бет келген 
кезі...
Тарих қазаққа рухани әлемімізді асқақтатып, дүниеге танытқан 
таланттар беруден тарынбаған. Қараңыз, XX ғасырдың алғашқы ширегіне көз 
салсақ, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, 
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жақып Ақбаев, Халел Ғаббасов, Мұстафа Шоқай, 
Әлімхан Ермеков, Құдайберген Жұбанов, Әміржан Сытдықов, Халел 
Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Қошке Кемеңгерұлы, Елдес 
Омаров, Телжан Шонанов, Нәзір Төреқұлұлы, Міржақып Дулатов, Сәкен 
Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Ілияс Жансүгіров, Мағжан 
Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Санжар Аспандияров, 
Темірбек Жүргенов, Ахмет Бірімжанов, Бақтыгерей Құлманов, Әли 
Көтібаров, Серәлі Лапин, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Бақытжан Қаратаев, 
Мәннан Тұрғанбаев, Ғұмар Қарашев, Мұхаметжан Сералин, Абдолла 
Байтасов, Ұзақбай Құлымбетов, Ораз Исаев, Сүлеймен Есқараев, Жанайдар 
Сәдуақасов, Мұхамеджан Тынышбаев, Қоңырқожа Қожықов, Сейітқали 
Меңдешев, Қабылбек Сарымолдаев, Қайсар Тәштитов, Жұмат Шанин, Рақым 
Сүгіров, Зарап Темірбеков, Тел Жаманмұрынов, Қажым Қасымұлы және т.б. 
сынды алыптар шоғырын түйдек-түйдегімен сыйлағаны – бір бақыт 
қазағыма. Ғылым мен өнерге, мәдениет пен білімнің өркендеп өсуіне 
өлшеусіз зор үлес қосқан бұдан басқа да тұлғалардың еңбегі мен мирас еткен 
мұрасы ұшан-теңіз.
 
Әттең!... Қазақ халқына өзгерістер әкелген жаңалықтарға жанталаса 
ұмтылған ұлт көсемдері мен сұңғыла саңлақтары құйтұрқы саясаттың 
құрбаны болды... 
Бір ғажабы – алаш зиялыларының қай-қайсысы да халқына қалтқысыз 
қызмет ете жүріп, ұлт мерейін асқақтатуға ұмтылған рухы биік жандар 
болатын. Сондағы сүйенері де, тірегі де – қазақтың тілі мен тарихы, 
мәдениеті мен өнері-тін. 
Бұл турасында бүгінгі егемендік тұсында тарихи да, саяси да баға 
беріліп жатыр, ақиқаттың ашылмаған, аршылмаған қабаттары әлі де қазыла 
бермек. Ал біздің әңгімемізге тұздық болар мәселе – халқымыздың заманалар 
дүрбелеңіне төтеп берер бірден-бір қаруы – тілі деп жанұшырған ғалымдар, 
олардың мәңгілік мұралары. 
...1937 жылдың күзінен 1957 жылдың күзіне дейін жиырма жыл бойы 
нақақтан-нақақ қараланып, аталмай келген, қазақ аспанында «құйрықты 



жұлдыздай жарқ етіп жоғалған» ұлт марқасқаларының ішінен қазақ тіл 
білімінің ғылыми-теориялық негізін қалаушы, қазақ филологиясының 
тұңғыш профессоры 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет