Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет130/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Қ . Ж ұ б а н о в ты ң
ті л т а н ы м м ұ р а л а ры
Т І Л
Қ о ғ а м
Ұ л т
( э т н о с )
М ә д е н и е т
Т І Л
Пс и хо л о г и я
Ф и з и о л ог и я
Гносеология 
П с и х о л и н г в и с т и к а
Г е н д е р л і к л и н г в и с т и к а
К о г н и т и в т і к л и н г в и с т и к а
С о ц и о л и н г в и с т и к а
Э т н о л и н г в и с т и к а
Л и н г в о м ә д е н и е т т а н ы м
Қ. Жұбановтың тілтаным мұралары 


208 
Проф. Қ.Жұбановтың артында қалдырған ғылыми мұралары – әлсін-
әлсін қайта оралып отыруды қажет ететін, әр оралған сайын жаңара, жасара 
беретін өміршең дүниелер және олардың әрбіріне тереңдей үңілген сайын 
қазіргі тіл білімінің деңгейіне сай келетін, тіпті әлі де шешімі табыла 
қоймаған мәселелердің кілті іспетті ой-тұжырымдардың тұнып тұрғандығын 
аңғаруға болады. Ғалымның тілдік материалдарды жалаң алып қарастырмай, 
оны сол кездегі тілге қатысы бар мәселелермен, әлеуметтік, мәдени 
жағдайлармен байланыстыра, сабақтастыра отырып зерделеуі, яғни тілді 
мәдениеттің өлшеуіші деп тануы, тілдің өркендеуін дамуымыздың басты 
өлшеміне балауы кейінгі тілші-ғалымдарымызға үлгі боларлықтай. 
 
6. 
Ұлттық 
таным 
қоймасы 
(Қ.Жұбанов 
еңбектеріндегі 
антрополингвистикалық өзек) 
Егеменді елдің кеңістігінде ұлттық сана мен рухымызды жаңғыртқан 
рухани-әлеуметтік құбылыстың негізін дұрыс бағалап, түсіндіріп, соған 
сәйкес қазіргі қазақ қоғамындағы болашақ бағдарды дұрыс белгілеу аса 
маңызды. Осымен байланысты тіл дамуының ішкі формасынан туындайтын 
жалпы зандылықтарды адам психикасымен (рухымен), ұлттық таныммен 
байланысты қарау қазіргі тіл білімінде ерекше мәнге. Ана тілінің жан-жақты 
қызметін жандандыру да аса өзекті мәселе болып отырғанын күнделікті өмір 
көрсетіп отыр. Себебі әрбір ұлттың бір-бірімен сабақтас қалыптасқан рухани 
дүниесі, материалдық өндірісі мен тұрмыс күйі әркімнің жеке басының 
жағдайына байланысты емес. Ол – халықтың әлеуметтік-психологиялық, 
мәдени, тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты қалыптасатын 
жалпыхалықтық құбылыс. Оның негізгі бір сипаты – тұрақтылығы. Ол 
оңайлықпен өзгермейді, тіл арқылы сақталып, жаңғырып, ұрпақтан-ұрпаққа 
беріледі. Айналып келгенде, тіл арқылы ұлт өмірінің желісі үзілмей, 
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі. Сол себепті де әртүрлі ұрпақ болғанмен, бір-
бірімен жалғасып, бірін-бірі түсініп, бір ұлтқа тұтасады.
Тілдің ішкі мазмұнындағы халқымызға тән рухани қазынасын бойына 
сіңіріп, сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізетін ана тіліміздің құдіреті оның 
кумулятивтік (мұрагерлік) қызметімен де байланысты. Соның негізінде 
ғасырлар бойы халықтың көкірегінде жатталып, жадында сақталған көне 
сөздердің тарихына үңіліп, тілдік тұрғыдан табиғатын барлау, жасалу мен 
сақталу жолдарының тілдік құралдарын анықтау, мағыналық даму 
заңдылықтарын көрсету мен көнеру себептерін ашу тіл тарихын зерттеуде, 
тілдің қазіргі күйі мен болашақ бағытын барлауда теориялық та, практикалық 


209 
та мәні болса, ал ұлт болмысының тілдік сипатын зерттеу тілдің танымдық 
мәнін дәлелдейді.
Міне, 
тіл 
мен
ұлттың

тіл 
мен
қоғамның
сабақтастығын дәлелдеуді 
талап ететін бүгінгі күннің рухани-танымдық сұранысына жауап беріп, 
бүгінгі тіл ғылымының ғылыми-әдіснамалық жаңаша негізін белгілеуі аса 
өзекті мәселе десек, профессор Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасының да негізгі 
қағидасы – осы. 
Сондықтан жалпы тіл білімінде ұлттық тілді онтологиялық зерттеудің 
түпқазығын сол тілде сөйлеуші халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, 
тарихымен және мәдениетімен тығыз байланыста қараған В.фон Гумбольдт, 
И.Гердер, Г.Пауль, В.Вундт, Г.Штейнталь, Э.Сепир, Б.Уорф, А.Потебня т.б. 
ғалымдардың еңбектерін зерделеп, тілдің дамуын, сөз мағынасының дамуын 
уақыт пен кеңістік шеңберінде, яғни өзі өмір сүретін адамзат қоғамының 
белгілі бір кезеңіне сай дүниетанымымен тығыз байланысты деп қарайтын 
жаңа ғылыми парадигма қалыптасуда. Осымен тектес қазақ тілін өз 
табиғатына сай зерттеуді мақсат еткен проф. Қ.Жұбановтың ғылыми 
парадигманы анықтаған топшылаулары мен тұжырымдарын бүгінгі күнгі тіл 
ғылымы кеңістігіне сай былай деп көрсетуге болады: 
Осы мақсаттағы зерттеу барысында парадигмалық өлшемдерді құрайтын 
мәселелер келесі үлгіде жинақталады: 1) 
парадигманың хронотопиялық 
шектер арқылы дәйектелуі
уәжделеді, яғни белгілі бір ғылыми 
парадигманың дүниеге келуін анықтайтын маңызды көрсеткіштер қатарында 
уақыт пен орын (мекен-жай) ерекше қызмет атқарады. Ал тарих қойнауына 
еніп, алыстап кеткен парадигмалар салыстырмалы түрде айқындалады; 2) 
парадигманың пайда болуын түсіндіретін
шарттар, алғышарттар 
мен
 
уәждер
болатыны «
еш нәрсе бос жерде дүниеге келмейді, нөлден 
басталмайды, барлық білім тарихи тұрғыдан шартталған және 
байланысқан негізде дамиды
» деген қағидаға сүйенеді; 3) ғалымның пікіріне 
сәйкес,
көзделген мақсаттар мен міндеттер
, көп жағдайда, парадигманың 
аты мен бағыт-бағдарын нақтылайды; 4) тілші-ғалым парадигманы нақтылау 
барысында 
талдауға негіз болған пәндік аялар мен нысандардың
да 
ескерілуіне мән береді; 5)
қолданылатын әдіс-тәсілдер
арқылы автор 
парадигмалық тұжырымдардың ерекшелігін сұрыптайды; 6) тілші-ғалым 
эволютивті аспект арқылы немесе бағалау әрекетінің
көмегімен тіл білімін 
жаңа сатыға көтеріп, тіл туралы деректер аса құнды сипаттамалар мен 
түсініктемелерге жол ашады деген көзқарасты ұстанады. 
Проф. Қ.Жұбанов түгел дерлік лингвистикалық деректерді: дыбыс 
жүйесі мен үндесім заңдылығын, сөздер мен сөз тіркестерін, қосымшалар 
мен басқа да грамматикалық категорияларды 
антропологиялық призманың 
желісінен өткізе байыптаған. Бір сөзінде Қ.Жұбанов: «
Біз жекелеген 
лингвистикалық фактілерді тілдің басқа салаларымен жалпы бірлікте 
қарастырып, осы байланысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет